• Әдебиет
  • 19 Қаңтар, 2017

«ЭКСПО-2017» көрмесіне кәдесый

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – адамзат өркениетінің рухани әлеміндегі жарық жұлдыздарының бірі. Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Ол келешек заман үшін де ұлттық құндылығымыздың биік шоқтығы болып қала береді. Ақын шығармаларын әлемге таныту, дүниежүзілік маңызын насихаттау мақсатында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайы қазақ, қытай, ағылшын, орыс тілдерінде өлеңдер жинағын баспаға дайындаған. «Семей-Көркем» баспаханасынан жарық көрген кітаптарға Ұлы ақынның көпшілікке кең танымал шығармалары енгізілді. Данышпан ақынның баға жетпес асыл мұрасы «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына кәдесый ретінде ұсынылмақ. Бұл топтаманың ерекшелігі, саяхатшылар үшін қойынға салуға ыңғайлы етіп шығарылған. Жинақта суретшілер Н.Өтепбаев (Абай портреті), Е.Сидоркиннің (графика) туындылары пайдаланылды. Қазақ халқының дара тұлғасы Абайдың ынтымақ пен бірлікке шақырған өсиетті сөзін насихаттауда кітаптың атқарары мол болмақ.

Айтуған ДӘУЛЕТ

18817 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы