• Әдебиет
  • 02 Ақпан, 2017

Үстірт хикаялары

Жуырда С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, «Балауса», «Оралу», «Аңсау», «Табиғат пен жүрек», «Майдан мен тыл» атты кітаптардың авторы Жақсылық Айжанұлы мен  ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, тарихшы Шәріп Адаев  бірлесіп шығарған «Үстірт хикаялары ­немесе тектілер тірлігі» атты танымдық кітаптың тұсаукесері өтті.

Жиында Ақтөбе облыстық кәсіп­одақтар кеңесінің төрағасы, шежіреші Түрікпенбай Жұбанұлы кітаптың болашақ ұрпаққа өте қажет екеніне тоқталып, авторларға алғысын білдірді. Туындыға тарихшы маман ретінде редакторлық жасаған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университе­ті­нің тарих және тарихты оқыту кафедрасының аға оқытушысы Айшуақ Дәрменұлы ұлан-ғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған батыр бабаларымыздың ерлігі туралы баян етті. Өңірдің ше­жі­ресін жақсы білетін ел ағалары Бай­ғанин ауданының Құрметті азаматы Мұхамбет Молдағазин, өлкетанушы Бақберген Қарақов, Баянғали Құлтаевтар кітаптың шынайы жазылғанын атап өтті. Өнер иесі Жетес Жәкімсал Сәрке батыр туралы жырды орын­дап, кештің соңы мәдениет са­ласының үздігі, ақын, сазгер Орал Байсенгірдің «Байғанин маршы» әнімен аяқталды.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ, кітапхана қызметкері

АҚТӨБЕ

2632 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы