• Руханият
  • 15 Ақпан, 2017

Әдеби жоба жаңаланды

Астанада Назарбаев университетінің конференц-залында «Әдебиет порталы» интернет-жобасы жаңа нұсқасының таныстырылымы өтті. Кеште белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері сөз алып, өздерінің ұсыныс-тілектерін білдірді.

ҚР Ақпарат және коммуника­ция­лар министрі Дәурен Абаев тех­нологияның дамыған заманында әдеби порталдың мүмкіндіктері көп екендігіне тоқталып, елдің руханиятын, әдебиетін, мәдениетін дамытуға үлес қосатын мұндай порталдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіле­тінін жеткізсе, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков елорданың өсіп-өркендеуімен бірге Астанада да әдеби орта қалыптасқанды­ғын, шығармашылық адамдарына сенім арта отырып, қазіргі заманда әде­биетке де қорғаушы қажеттігін тілге тиек етіп, «Әдебиет порталы» осы құн­дылықтарымызды, әдебиетіміздің асыл мұраларын насихаттаса деген ойын білдірді. Ақпарат және коммуникация­лар министрлігіне қарасты «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» – заманауи ақпараттық технологиялар жетістігін пай­даланып, қазақ әдебиетін насихаттау, оқырмандармен байланысты жақ­сарту, әртүрлі шығармашылық іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасап келе жатқан Орта­лық Азиядағы тұңғыш ғаламторлық әдеби жоба. Ендігі мақсат – отандық рухани өнімдердің цифрлы фор­мат­тағы базасын құрып, қаламгерлер­дің шығармашылығын насихаттау. Порталда елімізбен қатар, шетелдік ақын-жазушылардың да шығармалары жарияланбақ.

Бағдагүл МҰРАТҚЫЗЫ

3563 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы