• Мәдениет
  • 23 Ақпан, 2017

Спортшыларымыз жарап тұр

Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындары өтуде. Сары құрлықтың қыстағы басты сайысында Қазақстанның намысын 116 спортшы қорғайды. Ақ Азиада додасында 31 мемлекеттің атлеттері спорттың 11 түрі бойынша 64 медаль жиынтығы үшін күш сынасуда.

Шаңғышы қызымыз Елена ­Ко­ло­мина классикалық жүріспен жеке спринт жарысында (1,4 шақырым) күміс жүлдені иеленді. Еліміз үшін бұл Жапония жеріндегі алғашқы жүлде болды. Шаңғыдан 10 шақырымдық еркін стильде сынға түскен Елена мәре сызығына үшінші болып келді. Бұл сында 30:24,6 минут нәтиже көрсеткен жапон спортшысы Юки Кобаяши алтын жүлдеге қол жеткізсе, күміс медальді оңтүстіккореялық Чэ Вон Ли (+24.4) иеленді. Дүбірлі доданың үшінші күні спортшыларымыз алғашқы алтынға қол жеткізді. Шаңғышы Ринат Мухин 15 шақырымдық жарысты 41 минут 25,3 секунд нәтижесімен бірінші болып аяқтады. Ерлер арасында мұз айдынында конькимен 1000 метрге жүгіру отандасымыз Денис Кузин екінші болып келді. Қазақстан қоржынында бүгінде 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар. Жарыс 26 ақпанға дейін жалғасады.

Нұрлан ҚҰМАР

954 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы