• Ақпарат
  • 23 Ақпан, 2017

Ұлттық музей байқау жариялайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстан халқы тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелеген кес­кіндемелік және графикалық сурет, мүсін, инсталляция сынды заманауи бейнелеу өнері туындыларының эс­киздерін жасауға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты Ұлы Дала еліндегі маңызды тарихи оқиғалар мен көрнекті тұлғалардың көркем бейнесін нақты көрсету. Сол арқылы тарих қойнауындағы шежіре­ден сыр суыртпақтау. Жастарды отансүй­гіш­тікке тәрбиелеп, қазақстан­дық­тар­дың назарын ел тарихына аудару. Байқауға қатысуға арнайы орта және жоғары білімді сурет­шілер шақырылады. Эскиздерде ке­лесі ұсынылған тақырыптар бей­неленуі тиіс: «Ұлы даланың ежелгі қала­лары», «Қазақтардың дүниежүзілік құрыл­тайы», «Түрік жазуы», «ХХ ға­сырдың басындағы ұлт зиялылары», «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның нышаны». Жоғарыдағы аталымдар бойынша 3 жеңімпазға жүлде тағайындалып отыр. Жүлде қоры – 1 000000 (бір миллион) теңге. Байқау туралы толық ақпа­ратты Ұлттық музейдің www.nationalmuseum.kz. сайтынан алуға болады.

988 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы