• Ақпарат
  • 23 Ақпан, 2017

Ел болашағы – жастар

Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы Респуб­ликалық эстрада-цирк колледжінде «Тәуел­сіз­дік мұраты – Мәңгілік Ел» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. «Бүгін сіздер ұсынғалы отырған идеялар, озық тәжірибелер, ғылыми сарапталған еңбектер Қазақстанның білім беру жүйесін одан әрі дамытуға, әлемдік деңгейге көтерілуіне өз үлесін қосады деп сенемін» деген колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәлел Уашев қатысушыларға сәттілік тіледі. Конференцияда 2 секция бойынша қазақ, орыс тілдерінде 15 ғылыми жоба қорғалды. Мәдениет және өнер бөлімі бойынша ­«Актер» бөлімінің 2-курс студенті Ф.Базарбаева 1-орынды иеленсе, 2-орынды «Халық» бөлімінің 2-курс студенті М.Жанахметова және «Актер» бөлімінің 2-курс студенті К.Әсет алды. Ал 3-орынға 2-курс студенттері А.Санай, А.Қыдырбек және С.Орқашбаева лайық деп танылды. Тарих және мәдениеттану секциясы ­бойынша «Жеке ән салу» бөлімінің студенттері А.Қуанышалиева, А.Жұмақан, Б.Қалел және т.б. жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар жүлделі сыйлықтармен, ал олардың ғылыми жетекшілері мақтау қағаздарымен марапатталды.

1703 рет

көрсетілді

2

пікір
Алдыңғы мақала Атқарар жұмыс ауқымды
Келесі мақала Жарқын болашақты ойлағандық

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Толқын

13 Тамыз, 2020

Елімізде шығармашыл, өнерлі, дарынды жастар өте көп. Оларға қолдау да ойдағыдай.

Риза

13 Тамыз, 2020

Жастардың шығармашылығы алға өрлей берсін, ынталары арта берсін. Сәттілік!

ANA TILI №43

22 Қазан, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор