• Ақпарат
  • 23 Ақпан, 2017

Жарқын болашақты ойлағандық

Аман БОРАНБАЕВ, суретші

Бүгінгі уақыттың талабы орасан зор әрі әлеуетті. Әлемдік өркениет көшіндегі барлық ел қатардан қалмай, даму мүмкіндіктерін қалт жібермеуге тырысуда. Осындай сындарлы жолдан мүдірмей өтіп келе жатқан еліміздің заманауи өзгерістерге тура жауап тауып, дер кезінде жаңа қадамдар жасауға ұмтылысы қуантады. Елбасы Н.Назарбаевтың Конституцияға өзгеріс­тер енгізу, нақты билік өкілеттіктерін қайта бөлу ­туралы шешімге келуі елдің ертеңін, жарқын болашақты ойлағандық деп білемін. Кез келген реформа ерте ме, кеш пе өз жемісін береді. Тек тиянақты сабақтастық, уақыт керек. Дәл бүгін Қазақстанның демократиялық даму бағыты тың арнаға бет бұрды деп сеніммен айтуға болады. Яғни демократиялық құндылықтарға негізделген тұрақты мемлекеттік құрылым айқындала түседі. Еліміз үшін мұндай бағыттың маңызы ерекше болмақ. Демократиялық принциптерге назар аударсаңыз бұған көз жеткізесіз. Мәселен, демократиялық мемлекет мемлекеттік басқарудың орталықтандырылған үрдісін жояды. Әр басқару институты заң негізіне өзіне жүктелген міндетті мойнына алады.Басқарудың демократиялық формасына көшкен мемлекет барлық билік органдарының халыққа жақын болуын, елдің мұң-мұқтажына ұдайы көңіл бөлуін назарда ұстайды. Қазақстанда конституциялық өзгерістер жасау жөніндегі Елбасының шешімін қолдай отырып, билік өкілеттіктерінің бөлінуін жұртшылық осындай нық сенімде қабылдауда.

1550 рет

көрсетілді

3

пікір
Алдыңғы мақала Ел болашағы – жастар
Келесі мақала Шешуші кезеңдегі серпіліс

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Арман

13 Тамыз, 2020

Жұртшылық Елбасы шешімін қолдап отыр.

Сандуғаш

13 Тамыз, 2020

Бұл қадам жарқын болашақ үшін жасалмақ.

Зере

13 Тамыз, 2020

Бейбітшіліктен асқан нәрсе жоқ. Тыныштық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Халқымыз үшін бастысы осы.

ANA TILI №43

22 Қазан, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор