• Руханият
  • 02 Наурыз, 2017

Ерлік ұмытылмайды

Ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 28 жыл ­толуына орай Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің бастамасымен Алтыүй ауылында мектеп оқушылары арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Панфилов аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Марат Тайболатов жиналғандарды құттықтап, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі жалынды жас­тардың қолында екендігіне тоқталса, Парламент Мәжі­лісінің депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев тағлымы зор еске алу турнирін тек аудан көлемінде ғана емес, облыс, республика деңгейінде өткізуге өз тарапынан ынталы екендігін жеткізді. Бірлік ауылдық округі әкімінің орынбасары Таңатар Досымбеков, ауданның денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерғали Қонашев, аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Талғат Теткеусізов, т.б. сөз сөйлеп, пікірлерімен бөлісті. Қақпашы Р.Раджапов, қорғаушы Е.Қалиасқар, ойыншылар Б.Дәулетов, Н.Сайдуллаев, С.Құрманжан, И.Садықов, А.Нұрділдә және т.б. үздік деп танылып, сый-сияпатқа ие болса, А.Луначарский атындағы орта мектептен келген оқушылар аудан әкімі тағайындаған кубокты иеленді.

Сұлтанғазы Қоқаби, Панфилов аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол жаттықтырушысы, Ауған соғысы ардагерлері атынан құрылған «Жаркент-Болашақ» балалар футбол клубының жетекшісі

Алматы облысы

2033 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы