• Ақпарат
  • 02 Наурыз, 2017

Әкімнің есебі тыңдалды

Талдықорғандағы Тіл сарайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында есеп беріп,  «Қо­ғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес 2016 жылғы атқарылған ­жұ­мыс­тың нәтижелері және 2017 жылдың жоспарлары туралы баяндама жасады.

Облыс әкімі өз сөзінде Үкі­мет­тің кеңейтілген отырысында жария­ланған Мемлекет басшысының «Қазақ­станның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын мін­деттерді орындаудың 2017 жылға арналған жоспары жайлы кеңінен хабарлады. Облыс басшысының айтуынша, биылғы жылы жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2,0% өсіммен 2 трлн. 379 млрд. теңгеге жететін болады. Ал ауылшаруашылығындағы жалпы өнім 603,9 млрд. теңгеге жетіп, 2,0% өсуі тиіс. Ақсу қант зауыты және басқа да маңызды нысандар іске қосылады. Олардың арасында жылыжайлар, көкөніс сақтау қоймалары, мал бордақылау алаңдары, сүт-тауарлы фермалары бар. Өңдеу өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлінбек. Бұл орайда 2017 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 665,4 млрд. теңгеге жеткізіп, 1,6% өсіру жоспарланған. Бұдан әрі А.Баталов басым бағыт­тардың қатарында инвестиция тарту, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу істерін атап өтті. Облыс орталығын, жалпы облысты табиғи газбен қамтуға ерекше көңіл бөлініп, әлеуметтік салаға, мәдениет пен спортты дамытуға назар аударылады. Мұнан соң облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Әлихан Тойбаев өткен жылы атқарған жұмыстары туралы баяндады. Облыс басшылығы тарапынан барлық қажетті қолдаулар көрсетіліп отырғанын айта келе, төраға кеңес жұмысы барысында туындаған мәселелердің дер кезінде шешілгенін, Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық ұсыныстары назарға алынып, жан-жақты қарастырылатынын жеткізді. Кездесуге қатысушылар өз тараптарынан өзекті мәселелерге қатысты сауал қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді. Мәселен, тірек-қимыл аппаратына зақым келген мүгедектердің «Ерлік» қоғам­дық бірлестігінің төрайымы Роза Ақ­жаркенова облыстағы мүгедек спортшыларға жасалып отырған жағдайларға, инватакси жұмысына байланысты сөз қозғап, мүгедек балалар мен жастарға арналған оңалту орталығын ашудың қажеттілігін айтты. Облыс әкімі бұл мәселенің қарастырылып, жақын арада жобалау жұмысы басталатынын жеткізді. Тұрғындардың сауалдарына жауап берген А.Баталов өз тарапынан тиісті орындарға тапсырма берді.

Аяжан Тілеуберген

1841 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы