• Әдебиет
  • 10 Наурыз, 2017

Ынтымақтастық аясында

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Иран Ислам Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі ­Можтаба ­Дамирчилумен кездесіп, білім мен ғылымды дамыту саласындағы Қазақстан-Иран ынтымақтастығы мәселелерін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, гуманитарлық білім беру және мәдени жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Ғ.Мұтанов ҚазҰУ ғалымдарының Түркия, Иран, Ұлыбританияның серіктес ЖОО-мен бірлесе ұйымдастырған «Иран-Тұран» ірі жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін ИИМ Елшілігінің Бас консулдығының Мәдени орталығына алғыс білдірді. Бұл жоба түркологиялық зерттеулерді дамытуды және Кэмбридж университетінің негізінде Орталық Азия зерттеулерінің орталығын ашуды ­жоспарлап отыр. ­Сонымен қатар ректор ислам әлемі елдерінің университеттері, орталықтары және мекемелерімен ынтымақтастықтың тиімді векторын атап өтті. «ҚазҰУ мәдениет, ғылым және білім беру мәселесі бойынша Ислам ұйымымен бірлесіп жұмыс істеуде(ISESCO). Қазақстандық және шетелдік қоғамдық-саяси қайраткерлердің қатысуымен ұйымдасқан «Әл-Фараби және қазіргі заман» халықаралық ­форумы – әріптестіктің жаңа деңгейіне көшуге және әлем ғалымдарының заманауи диалогына арналған ерекше платформа» деді. ҚазҰУ мен Ш.Бехешти атындағы университет арасындағы келісім нәтижесіндеҚазҰУ PhD докторанттары Иранда білім алып, сирек металдарды алу саласында зерттеулер жүргізіп жатқанын тілге тиек етті.

Ж.Сәрсенова

615 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы