• Білім және ғылым
  • 10 Наурыз, 2017

«ЕЛ ЕРКЕСІ – ЕСЕНҚҰЛ»

Жуырда Алматы облысында «Ел еркесі – Есенқұл» атты ән байқауы мәресіне жетті. Жамбыл ауданында бастау алған шара Қарасай ауданында қорытын­дыланды. Әділ қазылар алқасының төрағасы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Ж.Шаштайұлы бірінші орын алған Мұқатай Баймұханбетке арнайы сыйлықты табыс етті. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Ж.Әшімжан мен композитор Б.Омаров Әліби Қаниев пен Әділет Әдікеновті екінші дәрежелі дипломмен марапаттады. Байқау нәтижесі бойынша Мейіржан Самылтыров, Жаңыл ­Мерсимова және Жасұлан Мұсағали үшінші орынды иеленді. Республикалық әншілер байқауы жобасының авторы әрі демеушісі, аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы ақын шығармашылығы жайында өз ойын ортаға салып, өнерпаздарға алғысын жеткізді. Е.Жақыпбековтың жары Меңсұлудың иығына шапан жауып, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған Дінисламбек Жайлаубаевқа арнайы диплом мен сыйлығын табыс етті.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

835 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы