• Әдебиет
  • 10 Наурыз, 2017

Ғылыми ізденіс көкжиегі

Қ.Хұсайынның «Дыбыс-звук, Мағына-значение, Сөз-слово» атты еңбегі – қазіргі қазақ тіл біліміндегі елеулі зерттеу жұмыстарының бірі.

Профессор бұл еңбегінде тілдегі дыбыс пен мағынаның өзара тығыз байланысын, сөздердің, таңбалардың шығу тарихын ғылыми негізде зерттей келе уәжділік теориясы бойынша да талдаулар жүргізген. Аталмыш еңбекте қазақ тіл білімінде алғаш рет елуден астам тілдердің материалдары ­бойынша еліктеуіш сөздер типологиялық жағынан салыстырылған. Қазақ тілінің лексикасында кездесетін дыбыстық символизм элементтері, олардың психофизиологиялық негізі зерделенген. Қазіргі қазақ тілі мен өзге де тілдердің лексикасын салыстыру арқылы тілдегі бірқатар мәселелерге ­назар ауда­рылған. Автор түп-төркіні дыбыстық еліктеуіш­терден немесе дыбыстық символикаға негізделген қазақ орнитонимдері мен то­понимдері сияқты атауларды жан-жақты талдаған. Мысалы, «үкі» орнитонимін өзбек, қырғыз, ұйғыр, татар, т.б. түркі тілдерінен ­са­лыс­тырмалы әдіс арқылы зерттеп, бұл ор­ни­тонимді дыбысқа еліктеу нәтижесінде пай­да болғандығы туралы қорытынды жасайды.

Г.ШӘРІПОВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті

764 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы