• Руханият
  • 10 Наурыз, 2017

Ұлттың ұйтқысы

Мен қарапайым ұстаз ретінде қазақ тілі­­нің бола­шағының жарқын болуын қа­­­лаймын. Әр саба­ғымда тілдің қадір-қа­сие­тін оқушыларыма кеңінен түсін­­діріп ке­лемін. Өйткені бәрі де тәрбиеден басталады.

Елбасының «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. «Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл» болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, Ұлттың ұйытқысы ете білген жөн» деген ойын Мәңгілік Ел идеясымен сабақтастыра айтқанымда шәкірттерім осы идеяның негізін білгісі келіп ­сауал қояды. Сондай кездерде біз бұл идеяның бір темірқазығы тілде жатқанын жеткізіп, өз ойымызды ортаға саламыз. «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық» деп Елбасы айтқандай, «Мәңгілік Ел» идеясының тарихы тереңде жатқаны сөзсіз. Осы орайда біз тіліміздің де Мәңгілік болуына қызмет етуіміз керек деп ойлаймын. Өйткені тіл ғұмырлы болмай, ұлт ғұмырлы болмайды.

Бәтима ӘБДІЖҮСІПОВА

1351 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы