• Тарих
  • 10 Наурыз, 2017

Жаңаша зерделеуді қажет етеді

Қазіргі таңда еліміздің тарихын, әсіресе ұмытыла бастаған тарихи жер-су атауларын зерттеу өзекті тақырыптардың біріне айналуда. Көне географиялық атауларды зерттеудің тарихи-географиялық, әрі этногра­фия­лық мәні мен маңызы өте зор.

Жер-су атаулары ана тіліміз бен ұлттық тарихымызды зерттеуде аса қажетті құнды дерек болып табылады.Географиялық атауларда әртүрлі дәуірдің тарихи оқиғалары, көрнекті тұлғалардың, батырлардың есімдері және сол жердің географиялық сипаты бейнеленген. Сондай-ақ атаулар халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен, шаруашылығынан, әдет-ғұрпынан хабар береді. Халқымыз ғасырлар бойы түрлі саяси оқиғалардың куәсі болғандығы баршамызға белгілі. Соның бірі патшалық Ресейдің отаршылдықсаясаты болатын. Бұл жүйе тұсында ұлтымыздың тарихы, жер-су атаулары жаппай өзгертіле бастады. Әсіресе, Кеңестік дәуірдеқазақ жерінеелімізге қоныс аударушылардың ағыла келуі салдарынан көптеген тарихи ұлттық атаулар жойылып, олардың орындарынаөзге тілдегі атаулар пайда болды. Тың және тыңайған жерлерді игеру саясатына байланысты елді-мекендер мен қалаларының аттарымен немесе кісі есімдерімен атала бастағаны белгілі.Тәуелсіздік алғаннан кейін кейбіртарихи атаулар қайтарылып, кейбіріне жаңаша атау берілгенмен, бүгінгі күні тарихи атауларды зерттеуді және қалпына келтіруді қажет ететін қалалар мен елді-мекендер, географиялық нысандар жетерлік. Айта кетейік, жер-су атаулары – тарихи жәдігер болумен қатар тәуелсіз мемлекетіміздің бір белгісі, ұлттық нышаны. Егемен ел екендігімізді білдіретін, ұлттығымызды ұлықтайтын атаулар арқы-лыбабалар мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу басты міндет. Келер ұрпақ тарихтан тағылым алу үшін байырғы атаулардың ұмытылған және транскрипциясы бұрмаланғандарын қайта қалпына келтіру қажеттілігі туындайды. Жер-су атауларын тарихи төл атауына ауыстыру мәселесіне тек мәдени мұрамызды сақтау деп емес, сондай-ақ, қоғамдық, елдік маңызды бар мәселе ретінде қарауға тиіспіз. Сондықтанбұл мәселелерді тарихи-этногра­фияның, географияның, лингвистиканыңқазіргі таңдағы шешілмей тұрған сұрақтарын зерделеуіміз керек.

Ирина БЕКЗАТҚЫЗЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қызметкері

16955 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы