• Әдебиет
  • 10 Наурыз, 2017

Жақсының елге бәрі ортақ

Шернияз ЖАРЫЛҒАСҰЛЫ 

...Бәрімізге ай ортақ, Қайырлы болса, бай ортақ. Жақсы болса, би ортақ, Көп жасаған көне ортақ. Жаман адам не керек, Жақсының елге бәрі ортақ. Ел жабылып ішуге Айдын шалқар көл ортақ. Нәсіркедей бүгіліп, Шалқалай туса, ай ортақ. Ай батқан соң күн ортақ, Күн батқан соң түн ортақ. Алдыңғы өскен ағаға Жақсы болса, іні ортақ. Жаман болса, кім ортақ, Сөз тыңдауға мен ортақ. Ай, жігіттер, жігіттер, Жердің жүзін қарасаң, Мұнша неге кең болған? Жеті мүше денеміз Бір-біріне тең болған. Төрт аяқты айуандар Неге адамнан кем болған? Жарық үшін күн болған, Тыным үшін түн болған. Тамашалап қарасаң, Ай мен жұлдыз, күн мен түн, Орман, тоғай, от пен су, Таң-тамаша кім қалған? Құрт-құмырсқа, ұшқан құс – Бұл да басқа түр болған. Асқар, асқар, асқар тау, Етегінен балапан Басына шырлап шыға алмас, Бауырынан күзен ін қаза алмас. Сұңқардан сұлу құс болмас, Жүні қатпай ұша алмас. Бидайықтан алғыр құс болмас, Бағуы жайлы болмаса, Ең игісі түк те алмас. Ағайынның ішінде Бір жақсысы бар болса, Түртіп, оны көре алмас. Сол жақсы қолдан кеткен соң, Басқа қиын іс түссе, Ел қыдырып таба алмас. Асқардан ұшқан су бүркіт Еділдің аңын ала алмас. Өліп жатқан сұңқардың Жүніне қарға қона алмас. Қаумалаған көп жаман Бір жақсыдай бола алмас. Басыңнан ұшса дәулетің, Айналып қайта оралмас. Жақсысынан айрылса, Құр жамандар оңбайды. Аңдып жүрген дұшпаны Қанатын тігіп қомдайды. Болжалды күн болған соң, Батпансыған бай да өлер. Зулап өтер басыңнан Баяны жоқ дүниелер. Болжалды күн болған соң, Дүниядан өтпей кім қалған?.. Батыр өткен шабынған, Жүйрік өткен шабылған, Кербез өткен тағынған, Сұлу өткен жағынған. Не жайсандар өтпеген Озған жүйрік табыннан. Неше шешен, ақындар, Жау жүректі батырлар Жас басынан қағынған!

(«Жеті ғасыр жырлайды», «Жазушы, Алматы 2008 ж.)

17669 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы