• Мәдениет
  • 17 Наурыз, 2017

Жармыштықтар жеңімпаз атанды

Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Маңғыстау аудан­дық жастар орталығының бастамасымен тоғызқұмалақтан сайыс ұйымдастырылды. Жа­рыстың мақсаты – Маңғыстау спортшы­ларының даңқты дәстүрлерін жалғастыра отырып, ұлттық спорт ойындарымыздың бірі – тоғызқұмалақты жан-жақты насихаттау, салауатты өмір салтын қа­лып­­­тастыру, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Сайыс командалық жүйе бойынша ұйымдасты­рылды. Шараның бас төрешісі қызметін аудандық бала­лармен жасөспірімдер спорт мектебінің Тоғыз­құ­малақ бөлімшесінің жаттықтырушысы – Сабақбай Тілегенов атқарды. Бірінші орынды Жармыш ауылының жастарынан құралған «Жармыш қырандары» командасы иеленді. Екінші орынға шетпелік «Алшын ұландары», ал үшінші орынға Тұщықұдық ауылының «Тұщықұдық тарландары» лайық деп танылды. Белсенді жастар ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жарыс жеңімпаздары «Аудандық жастар ресурстық орталығының» кубогы мен алғыс хаттарына ие болды. «Бүгінгі шара жастардың рухани және салауат­ты­лық өмірін дамытуға сүбелі үлес қосады деген сенімдемін. Ғаламтордың шарықтап дамуының әсе­рінен ұлттық ойындарымыз ұмыт болып бара жатқаны жасырын емес. Сол үшін жастарға айтарым, төл ойындарымызды ұлықтап, әрдайым құрмет тұтып жүрейік. Олардың пайдасы ұшан-теңіз. Ақыл-ойды дамытып, тапқырлықты үйретеді. Ұтқырлық пен ұшқырлықты қалыптастырады» деді Маңғыстау аудандық «Тоғызқұмалақ» ойындарының үйірме жетекшісі Сабақбай Тілегенов.

Аллаберген Қонарбаев Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы

702 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы