• Білім және ғылым
  • 17 Наурыз, 2017

Сұлулыққа арналған байқау

Аршалы аудандық мәдениет үйінде «Аршалы аруы-2017» байқауы болып өтті. Үміткерлер 4 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынады. Cайысқа қатысушылардың өнерін Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры Р.Маханов, Аршалы ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Т.Мамбетов, «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі Г.Ахатова, Аршалы ауданы тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Нұрхан бастаған қазылар алқасы бағалады. Бас жүлде Жібек жолы ауылындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектептің ұстазы Әлина Жанәбілге бұйырып, ол«Аршалы аруы-2017» атанды.Бірінші орын Сараба ауылы орта мектебінің ұстазы Дана Сейдахметоваға берілді. Аршалы кентіндегі №3 Аршалы орта мектебінің тәрбиешілері Тоғжан Бейбіт, Эльмира Садығова жүлделі орындарды иеленді. Қатысушыларға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Байжұма бағалы сыйлықтар мен дипломдарды табыс етті.

Р.Маханов

1154 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы