• Мәдениет
  • 17 Наурыз, 2017

«Театр көктемі» шақырады

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Театр көктемі» фестивалі ашылды. Дәстүрлі шара биыл Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева­ның 100 жылдығына арналып отыр.

Биылғы фестиваль аясында көрер­мен назарына бес қойылым ұсы­ныл­мақ. Шара шымылдығын ашқан Ғ.Мү­сі­реповтің «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасы қазақ драматургиясының классикасына айналған қойылым болса, режиссер М.Омарованың «Ақтастағы Ахико» атты жаңа драмасы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай тұсауын кескен болатын. Мұнда 15 жасында жазықсыз сотталып, қазақ жеріндегі лагерьге тап болған жапон азаматының қиын да күрделі тағдыры арқылы халқымыздың кең пейілі мен бауырмалдығы көркем көрініс тапқан. Ал комедия жанрындағы әйгілі ағылшын драматургі Рей Кунидің «Мани-Мани» пьесасы бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі, яғни ақша төңі­ре­гінде өрбиді. Төтеннен келген бір қап­шық ақша үшін небір айла мен қулыққа барған адамдардың қылығы көрерменді күлдіре отырып, ойландырады. Биылғы фестивальдің қазылар ал­қасы­ның құрамында театр май­талманы А.Әшімов, Астана жастар театрының ре­жиссері Н.Жақыпбай, театр сыншысы, «Алаш» халықаралық сыйлығының лау­­реаты Ә.Бөпежанова, сондай-ақ Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Архитектура және өнер институтының бөлім меңгерушісі, философия және өнертану докторы Видади Гафаров пен Грузиядан келген өнертану докторы, Илья атындағы Мемлекеттік ғылыми-зерттеу университетінің басшысы Лаша Чхартишвили бар. Әзірбайжандық қонақ театрлардың өзара ынтымақтастығы екі жаққа да пайдалы екенін айтты.

Нұргүл ӨНЕРБЕК

1112 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы