• Мәдениет
  • 17 Наурыз, 2017

Күлімдеп, қасын керіп, келді жылым...

Зымыраған уақыт. Әне-міне дегенше бір жылды да артқа тастап, Жаңа жылға – Наурызға да жетіп тұрмыз. Наурыз – жыл басы, жақсылық жаршысы. Бұл кезде табиғаттың өзі ғажайып бір сәтті бастан кешіп жатады. Көктегі күн де сәулелі шуағын мейірлене төгетіндей. Бұл шуақтың әсері күнделікті күн нұрынан өзгеше. Жаныңды жадыратып, бойыңды ­балбырататындай ма, қалай... Шіркін, табиғаттың құдіреті. Наурыз бен табиғат егіз ұғымдар секілді. Екеуінің бас қосып, «шүйіркелесетін» сәті ме екен бұл? Бірін-бірін көптен күткендей. Олардың қуанышына төңіректегілердің бәрі қосыла шаттанатындай. Адамның қуанышында шек жоқ. Мұндайда әсіресе ақындар қарап қала ма? Бойды кернеген лүпіл сезімдерін жыр арқылы сездіреді. Атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуов кезінде мезгілдің осы кезеңін «Жыл келді» деген өлеңінде былайша жырлаған-ды: Күлімдеп қасын керіп келді жылым, Сұлудай ақық ерін, алтын тұлым. Көркейіп, көңілінен кетті кірбің, Көргенде кім де болса мұның түрін... Күлімдеп келіп жатқан Наурызымыз құтты болсын! Жаңа жыл берекелі, мерекелі жыл болып табалдырығымыздан аттасын!

Nauryz-1

Nauryz-155

1611 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы