• Әдебиет
  • 20 Сәуір, 2017

«Бақыты үшін басқаның»

«ИИЦ Азия Арна» баспасынан белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұхамедия Жұмағалиевтің «Бақыты үшін басқаның» атты жыр жинағы жарық көрді.

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітапқа ақынның әр жылдары және соңғы кезде жазған өлең, таңдаулы балладалары енген. Қаламгер туындыларына туған жеріне деген құрмет, дос-жаранға деген ыстық ықылас, уақыт туралы толғаныс тәрізді тақырыптар арқау болған. Өлеңдеріндегі лирикалық әуен, шабыт пен сезім, көңіл күй толқындары мен толғаныстары, сағыныш саздары оқырманға ерекше әсер береді. Кітаптың алғы сөзін жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев жазған.

1046 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы