• Әдебиет
  • 08 Қаңтар, 2009

Достық пен ынтымақ бастауы

Қазақстан әр түрлi ұлт өкiлдерiнiң басын қосқан тәуелсiз мемлекет. Халқымыздың ғасырлар бойғы тарихында өзге ұлт өкiлдерiне құшағын ашып, төрiнен орын берген. Елiмiзде қазiргi таңда жүзден астам ұлт өкiлдерi тұрады. Әр халықтың өзiнiң салт-санасы, әдет-ғұрпы, әуенi мен әуезi ерекше болатыны тәрiздi тарихтағы өмiр өткелдерi де әр алуан. Қазақстан қанатын кең жайған алтын күн төсiнде қалықтап ұшқан қыран секiлдi өзiнiң қонақжай, кең пейiлдiгiнiң арқасында өзге ұлт өкiлдерiн қанатының астына, көк тудың аясына жинап отыр. Құрлық әскерлерi Әскери институты елiмiздiң оңтүстiк астанасы Алматы қаласында туын желбiретiп, шаңырақ құрған әскери оқу орындарының бiрi. «Жұмыла көтерген жүк жеңiл» демекшi, жұмыла атқарған iстiң жетiстiктерi әрқашанда көрiнiп отырады. Бүгiнгi таңда институтта мемлекеттiк тiлдi дамыту жөнiндегi бөлiмше жасақталып, аздаған уақытта жұмысымыздың нәтижесi көрiне бастады. Оқудың инемен құдық қазғандай қиын екенiн барша жамағат бiледi. Жастардың өзi бiлiм алуда қиналып жүргенде, Отанды қорғау басты мақсат екенiн ұмытпай, мемлекеттiк тiлдi оқып-үйрену, оны iс жүзiнде қолдана бiлу қазiргi заманның негiзгi мақсаттарының бiрi екенiн бiлiп, қолдап жүрген институттағы өзге ұлт өкiлдерiнен тұратын әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге бiр ауыз сөз қимағаным дұрыс емес деп ойлаймын. Сабақ басталған күннен бастап ағарған шашына, иықтарындағы жұлдызына қарамастан тiзiлiп сабаққа келдi. Әрқайсысының жанарынан әр алуан сауалды сездiм. Сол сұрақтармен қатар «Үйренгiм, бiлгiм келедi» деген үмiт ұшқыны ерекше. Сабақ Қорғаныс министрiнiң бұйрығына сай апта сайын екi рет өтiп тұрады. Институттың iшiнде мемлекеттiк тiлдiң лебi сезiлдi. Бiрiншi кезекте басқа ұлт өкiлдерi барлығымен әсiресе, қара көз қазақтарымызбен сәнiн келтiрiп, қазақша амандасып, хал-жағдайларын сұрап жатты. Соңынан қара көздерiмiз не ұялғаннан ба, не намыстанғаннан ба әйтеуiр олар да қазақша амандаса бастады. Сабаққа келген сәтте барлығы тып-тыныш отырып жаңа үйренген сөздерiн, құраған сөйлемдерiн iс жүзiнде қолдануға балаша асығып, өз сауалдарын дайындайды. Олар: полковник Александр Бабошкин, полковник Юрий Пашко, подполковник Алексей Никитин, подполковник Сергей Воронко, майор Галина Тедер, капитан Алеся Шмыгина , прапорщик Ольга Молчанова, прапорщик Елена Скоробогатова, прапорщик Анатолий Ширин, старшина Александр Лагуткин, сержант Татьяна Новикова. Аталмыш институтымыздағы осындай азаматтардың есiмi ел аузында үлгi ретiнде айтыла жүрсе деймiн. Халық арасындағы достықтың бастауы, ынтымақтастығы мен береке-бiрлiгiнiң тiрегi ретiнде ұрпаққа өсиет болар тiлiмiздi әрқашанда қастер тұтайық. Ұрпағымызға құнды мұра болған, аталар ақ батасын берген, аналар ақ сүтiмен бойымызға сiңiрген қасиеттi тiлiмiздiң көк байрағы биiк желбiреп, тiлiмiздiң арнасы бұлақ суындай мөлдiр болсын. Б.Омарова, институт қызметкерi

4659 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы