• Әдебиет
  • 20 Сәуір, 2017

Оңтүстік жастарының қолдауы

Шымкент қаласындағы әл-Фараби алаңында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қолдауға арналған жастар мен ұлттық аспаптар оркестрінің қатысуымен флешмоб өтті. Мерекелік шараға ­облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов қатысып, әлем елдері қатысатын халықаралық көрменің маңызына тоқталып, көпшілікке өңірдегі дайындық жұмыстарының барысын таныстырды.

Бұл шараға Астанадағы көрмеге іріктеліп алынған 85 еріктімен қатар, ұлттық аспаптар оркестрі, жалпы саны 150 азамат қатысты. Жиын соңында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның ұлттық аспаптар оркестрі көпшілікке концерттік қойылым ұсынды. Облыстық филармонияның домбырашылары бұл флешмобты ­Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арнады. Олар белгілі композиторлардың күйлері мен халық ішіне кең таралған әуендерді, патриоттық әндерді орындап, тыңдаушыларды өз өнерлерімен думанға бөледі. Флешмобтың мақсаты – көрмені кеңінен насихаттап, халық арасында жарнамалау және жастарды өз елінің патриоты болуға шақыру. Бүгінгі таңда облыс көлемінде «ЭКСПО-2017» халықаралық маман­дан­дырылған көрмесіне дайындық жұмыстары қарқынды жүр­гізілуде. Үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесі де жаман емес. Көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалысатын 100 ерікті де дайындықтарын күн сайын пысықтауда. Аталған іс-шарада оңтүстікқазақстандық байкерлер жиналған жұртшылыққа өздеріне тән ережелер мен қағидаларды таныстырды.

Нұрбақ ЕДІГЕ Шымкент

3992 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы