• Мәдениет
  • 12 Мамыр, 2017

«31 арнаның» тартуы

Мамыр айында 31 арнада рейтингі жоғары бағдарламалардың бірі «Келіндер бәйгесінің» үшінші маусымы экранға жол тартады. Бұл жолы жоба жасаушылар Түркістан, Қызылорда, Талдықорған және еліміздің Қытаймен шекаралас аудандарында тұратын қалыңдықтарды таңдады. 

Шоудың ережесі бойынша, әрбір жаңа шығарылым сайын 4 қалыңдық бір-бірінің тойына барады. Той әртүрлі қалада өтуі мүмкін. Олар бір-бірінің тойына қатысып, ұйымдастыру деңгейіне өз бағаларын береді. Сонымен бірге жоба аясында арнамыздың көрермендері кәсіби той мамандарының кеңестерін тыңдай алады. Маусымның соңында ең үздік той иелері анықталып, олар екі адамға арналған той сыйлығына ие болады. Мәселен, «Келіндер бәйгесі» шоуының бірінші және екінші маусымының жеңімпаздары Түркия мен БАӘ елдеріне саяхаттап қайтты. Еске сала кететін болсақ, ­реа­­ли­ти-шоудың екінші маусымына Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік аймақтарында, сондай-ақ Павлодар мен Ақтөбеде тұратын қалыңдықтар қатысқан болатын. Бағдарламаның жаңа шығары­лымынан «31 арнаның» көрермендері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары ұстанатын салт-дәстүрге қанығып, Қытайда тұратын қандастарымыздың той ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысады. Жобаға қатысушылар саны маусым сайын көбейіп келеді. Мұның өзі көрермендердің «31 арнаға» деген қызығушылығы мен сенімі артып келе жатқанының дәлелі. Алғашқы екі маусымда 200-ден аса өтініш келіп түскен болса, үшінші маусымда одан екі есе көбейген. «Келіндер бәйгесі» бағдарламасының түсірілім тобы аймақтардағы тойлардан алған алғашқы әсерлерімен бөліседі. Жоба түсірушілері тойдың кешігіп ­басталмауына өз үлестерін қосуда. Шоу продюсерлерінің айтуынша, жобаның үшінші маусымына қарай қатысушылар тойларын уақытында бастайтын болған. Тағы бір өзгеріс –құрметті қонақтардың тілек сөздерін жастар отырып тыңдайтын болды. Алдағы уақытта да той өткізу мәдениетіне қатысты жағымды жаңалықтар көп болары сөзсіз.

Жамал СӘРСЕНОВА

2157 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы