• Әдебиет
  • 12 Мамыр, 2017

Ғарыш мінезді жырлар

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті ақын, танымал драматург, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалиннің 10 томдық шығармалар жинағының және Мәскеуде жарық көрген «Избранное» кітабының тұсаукері өтті. Оны ашқан ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай кеш кейіпкерінің шығармашылығына кеңінен тоқталды. 

Кітаптардың тұсаукесер рәсімін жасаған белгілі кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев, мәдениеттанушы – ғалым Мұрат Әуезов, жазушылар Сәбит Досанов, Смағұл Елубаев жылы лебіздерін білдірді. Жиында сөз сөйлеген қалам­герлер Марал Сқақбай, Бексұлтан Нұржекеев, Қуанышбай Құрманғали, Кәдірбек Сегізбаев ақын шығармашылығы жөнінде сөз қозғаса, ақын Ұлықбек Есдәулет, тележурналист Нұртілеу Иманғали азаматтық қырлары, қайраткерлік туралы сыр бөлісті. Бұл кештің мазмұнды өтуіне Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері үлкен үлес қосты. Олар ақын өлеңдерін шеберлікпен орындай білді. Сахналық қойылым ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дариға Тұрғанқұлованың басшылығымен жүзеге асқанын атап өткен жөн. Тұсаукесерде Н.Оразалиннің өзі ортаға шығып, өлеңдерін оқыды, өмірден өткен қаламдас әріптестері жөнінде естеліктер айтты. Кеш соңында академик, ел ағасы М.Тойшыбеков сөз сөйлеп, ақжарма тілегін жеткізді.

Нұркен ЖАНДӘУЛЕТҰЛЫ

1414 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы