• Ақпарат
  • 25 Мамыр, 2017

«Ақпараттық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ағымдағы қызметіне қатысты мәселелер қаралды.

Жиында Ақпарат және коммуникациялар ­ми­нистрі Д.Абаев мемлекеттік қызметтерді кор­пора­цияға өткізу жұмыстары туралы баяндама жасады. Бұған дейін мемлекеттік қызметтердің 37 түрі Мем­лекеттік корпорация арқылы ұсынылатын 548 қызмет түріне қосылған болатын. Стандарттарға өзге­рістер енгізілгеннен кейін тағы 48 қызмет түрі ба­ламасыз негізде тек корпорация арқылы ұсынылмақ. Министр азаматтардан талап етілетін құ­жаттар санын қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталды. Мәселен, 2016 жылы тек 5 мемлекеттік қызмет түрі бойынша (мекен-жай анықтамасы, жылжымайтын мүлiктiң болмауы, тіркелген құқықтар, зейнетақы аударымдары және сотталмағаны туралы анықтама) 18 миллионға жуық электронды анықтама алынған. Оларды қағаз түрінде талап етуді шектеу материалдық шығындарды айтарлықтай қысқартып, уақытты үнемдеуге ықпал етеді. Д.Абаев «Азаматтарға арналған үкіметтің» еліміз бойынша 350-ге жуық кеңсесі бар екенін айтты. Жыл сайын 200 мыңнан астам қызметкер «бір терезе» қағидаты бойынша 40 миллионнан астам қызмет көрсетеді. Алыс елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін 70 мобильді ХҚКО жұмыс істейді. Сондай-ақ корпорация мүмкіндігі шектелуі адамдарды кедергісіз ортамен қамтуға ерекше көңіл бөледі. Биыл есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жандарға арналған онлайн-сурдоаударма сервисі іске қосылды. Ал І және ІІ топтардағы мүгедектер үйде отырып «Азаматтарға арналған үкімет» қызметтеріне қол жеткізе алады.

668 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы