• Ақпарат
  • 19 Шілде, 2017

Шетелдегі қандастардың өмірі туралы «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмі түсіріледі

Шетелде өмір сүретін қазақтар туралы сегіз сериялы «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің түсіру тобы сапарға шығады. Бұл туралы ОҚК брифингі барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне  сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

 Министрдің айтуынша, фильм алыс және жақын шетелде тұратын қазақтардың тарихы мен күнделікті өмірін жан-жақты көрсететін болады.

«Деректі фильм 8 сериядан тұрады. Аталған жоба Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 25-жылдығына арналып отыр. Деректі фильмнің мақсаты – ұлттық сананы жаңғырту және төл тарихымызға тың серпіліс әкелу. Сондай-ақ, шетелдегі қазақтарды отанымызға оралуға насихаттау», - деді министр.

Ал «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетовтың айтуынша, National Digital History порталында экспедиция жұмысынан Live режимінде ақпарат таратылып, әлеуметтік желі пайдаланушылары мен интернет қолданушыларына тікелей ақпарат жеткізіледі.

Түсіру командасының жетекшісі, e-history интернет-басылымының бас редакторы Олжас Беркінбаевтың мәліметінше, фильмнің әр сериясының ұзақтығы - 40 минут. Түсірілім әлемде тарыдай шашылған қазақтар қоныстанған сегіз мемлекетте, атап айтқанда, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Иран мен Ауғанстанда жүргізіледі.

16134 рет

көрсетілді

43

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы