• Мәдениет
  • 11 Қаңтар, 2018

Қылқалам шеберінің көрмесі

Өнердің өзге де салаларымен қатар сурет өнері де кең қанат жайып келе жатқаны мәлім. Қазақстанның суретшілері әлемдік деңгейдегі халықаралық көрмелерге қатысып, өз туындыларын шетелдіктерге кеңінен танытып келеді. Сонымен қатар ел ішінде де мұндай көрмелердің жиі өтіп тұратыны белгілі.

Жуырда Қарағанды қаласында суретші Ерлан Гаймолдиннің жеке шығармашылығын насихаттауға арналған осындай көрме ұйымдас­тырылған болатын. Аталған көрмеге суретшінің тарихи тақырыпта салған 30-ға тарта туындысы қойылды. «Шығармаларымның бірнеше мағынасы бар» деп, өз туындыларын жұмбақ суреттерге жатқызатын өнер иесінің еңбектерінің арқауы – қазақ халқының дастаны мен сақ және түркі мифологиясы. Ол өз еңбектерін модернизм стилінде жазады. Бейнелеу өнеріндегі бұл стиль қайталанбас туындыларды дүниеге әкеледі деген шебер жаңа еңбегін киелі жерлерге сапар шегіп келгеннен кейін салатынын айтады. «Түркі халықтарының тарихы мені әрқашан да қызықтырады. Сондықтан мен салған суреттердің көбі осындай тақы­рыпқа арналады» дейді өнер иесі.

Б.Мұратқызы

1970 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы