• Мәдениет
  • 15 Ақпан, 2018

Ақын шығармалары – түрік тілінде

Алматы облысының Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде қазақтың белгілі ақыны, марқұм Есенқұл Жақыпбектің түрік тілінде жарық көрген «Yaz Şafağında» (Жазғы таңда) жыр жинағының таныстырылымы өтті. Төрт бөлімнен тұратын кітапқа ақынның әр жылдары жазған ғұмырнамалық қолтаңбасы, философиялық көзқарастағы ой-толғамдары, лирикалық жүрек тебіреністері, әнге айналған өлеңдері енген.

Жинақтың таныстырылымына ақын өлеңдерін түрік тіліне аударған Қазақстан елшілігінің дипломаты, жазушы Мәлік Отарбаев, өңдеуші редактор, танымал ақын Атаман Калебозан, Еуразия Жазушылар қауымдастығы өкілі Хусейн Калебозан арнайы келді. Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев ақын шығармашылығы туралы сөз сөйлеп, жары Меңсұлу Нағашбековаға сый-құрмет көрсетті. Жинақтың жарық көруіне мұ­рындық болған руханият жанашыры Қайрат Сатыбалды мен Алматы об­лыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәліге, Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаевқа Еуразия Жазушылар қауымдастығы атынан Алғыс хат тапсырылды. Бұдан соң ортаға шыққан Жамбыл Жабаев атындағы қордың төрағасы Манарбек Ізбасар мен жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы ­Атаман ­Калебозан мен жазушы Мәлік Отарбаевқа халықаралық Жамбыл сыйлығын тапсырды. Бұл құрметке А.Калебозан ақын шығармаларын түрік тілінде насихаттағаны үшін ие болса, М.Отарбаевқа «Сүйінбай Аронұлы» өлеңдер мен эссе жинағын және ­Жамбыл өлеңдері мен зерттеу мақалаларды түрік тіліне аударғаны үшін берілді. Кеш барысында «Ан Арыс» бас­пасынан шыққан «Сөнген күннің сәулесі» жыр жинағының да таныс­тырылымы өтті. Соңынан ақын шы­ғармаларынан сахналық қойылым көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Бағдагүл Мұратқызы

3745 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы