• Әдебиет
  • 22 Ақпан, 2018

Биыл – Мағжан жылы

Анкара қаласындағы Гази университетінде Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабайдың 125 жасқа толуына орай халықаралық конференция өтті.

Мағжан Жұмабайдың қаламгер­лігі мен қайраткерлігі туралы сөз сөйле­ген Қазақстанның Түркиядағы елшісі А.Сапарбекұлы ақынның түркі бір­лігіне, түркі ынтымақтастығына қосқан зор үлесін атап өтті. Ақынның «Түркістан», «Алыстағы бауырыма», «Пайғамбар» сынды өлеңдерінің қазақ пен түрік халықтарының ортақ мұрасына айналғандығын жеткізді. Сондай-ақ Мағжан мұраларының екі бауырлас елді елдестіретін, жұрт­ты жалғайтын алтын көпір екен­дігін айтты. Қайраткер ақынның Тәуел­сіздік жолындағы атқарған ерен еңбектерін атап өткен А.Сапарбекұлы Қазақстанның ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктері мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ат­қарылған іс-шаралар туралы егжей-тегжей мәлімет берді. Сөз соңында елші биылғы жылды «Мағжан Жұмабай жылы» етіп жариялаған Түркі мәде­ниетін дамыту ұйымына алғыс айтты. Халықаралық жиынға қатысқан әдебиеттанушы ғалымдар мен түрік зиялы қауым өкілдері ақын өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар аталған шара аясында Қазақстаннан келген қонақтар мен түрік зиялылары Анкараның Кечиөрен муниципалитетінде орна­­ласқан Мағжан Жұмабайдың ескерт­кішіне гүл-шоқтарын қойып, ақынның биік рухына тағзым етті.

Бағдагүл Мұратқызы

1337 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы