• Білім және ғылым
  • 16 Наурыз, 2018

Кітапхана – құндылықтар ордасы

Алматы қаласындағы №4 кітапханада Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қоғамдық сананың жаңғыруы – мәдени құндылықтардың нығаюының кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында рухани мәдени құндылықтар туралы пікірлер мен ұсыныстар айтылып, қала архитектурасы кітапхана кеңістігінің әлеуметтік-мәдени дизайынына назар аударылды.

Жиында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ақиқат» журналының бас редакторы А.Әлімұлы, Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің өкілі Г.Сағатбайқызы, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Р.Қабиева, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының ұстазы А.Сағатқызы, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Ө.Рыстан, Қазақстан Архитекторлар одағының мүшесі, «Алматы Басжоспар» ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Ж.Айтілеу, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің ұстазы А.Өмірзақ, Алмалы ауданы ­ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Ахмедов, ­Алмалы ауданы Ардагерлер кеңесінің жастарға патриоттық тәрбие беру комиссиясының төрайымы Х.Сатыбалдина және т.б. қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті. Жиынды қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі өкілі Гүлсім Сағатбайқызы құттықтау сөзімен ашып, бағдарлама бойынша қаламызда атқарылып жатқан мәдени іс-шараларға тоқталса, елімізге белгілі ақын, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы «Рухани жаңғыруды насихаттаудағы баспасөздің рөлі» тақырыбында ой қозғап, сананың жаңғыруын кітаппен байланыстырып, кітап пен кітапхананың құндылығын атап көрсетті. Суретшілер Өмірзақ Рыстан мен Айнұр Өмірзақ қазақтың сәндік қолөнерін, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына заманға сай үйлестіріп, жаңа тәсілдермен таныстыру керектігін айтып, көркемсурет галереясына қойылған құнды қолөнер туындыларына шолу жасады. Айнаш Наурызбаева «Заманауи кітапхана бөлімдерінің кеңістік ортасы» туралы баяндама жасап, студенттердің көрмеге қойған туындыларымен, композициялық жұмыстарымен таныстырса, Алма Қонарова «Кітапханалардың мәдени миссиясы» тақырыбында арнайы дайындалған бейнекөрсетілім арқылы шолу жасап, Жанат Айтілеу қаланың келбеті мен заманауи кітапханалардың сәнді сәулеті туралы ой бөлісті. Өз кезегінде Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Қабиева өскелең ұрпақты ұлттық рухани құндылықтарға, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде кітап пен кітапхананың маңызы зор екенін көрсетіп, шығармашылық жаңа жобалары мен тың ізденістерімен таныстырып өтті.

Аяулым Жидебаева

1437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы