• Ақпарат
  • 05 Мамыр, 2018

Әскер – ел айбыны

Биыл жылдағы дәстүрге сай Отан қорғаушылар күнін атап өтеміз. Бұл айтулы мерекенің, әсіресе Отан қорғау қызметінде жүрген жауынгерлер, сарбаздар, жалпы әскери құрылымдарда еңбек етіп келе жатқан азаматтар үшін орны бөлек екені сөзсіз. Олар Отан деген қасиетті ұғымды жан-жүрегімен ғана сезініп қоймай, ерлік намыстың, биік патриоттықтың шынайы үлгісін көрсетті. Қаншама жастар осындай азаматтарға қарап ер жетеді. «Отан – оттан да ыстық». Шын мәнінде, әрбір ел бәсекеге қабілетті болу үшін оның айбыны асқақ, әлеуеті зор әскері болуы керек. Аспанымыз ашық, күніміз жарқын болуы үшін мықты әскер қажет екені сөзсіз. Шекарамыз бүтін, іргеміз берік болу үшін де ұлттық әскеріміздің мән-маңызы зор. Өйткені әскер – ел қорғаны. Бейбіт өмірдің шырақшысы. Қазақстанның Қарулы күштері жыл ­санап дамып келеді. Біз әскерімізбен мақтанамыз! Мереке құтты болсын!

3719 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы