• Білім және ғылым
  • 05 Шілде, 2018

Гуманитарлық білімнің жаңа белгісі

Жақында Алматы университетінде «100 жаңа оқулық: гуманитарлық білім­нің жаңа белгісі» атты дөңгелек үстел өтті.

Оны университет ректоры, химия ғылымының докторы, ҚР ҰҒА құрметті академигі М.Ермағанбетов ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған 18 кітаптың қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөліне тоқталды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің сая­сат­тану және әлеуметтік пәндер ка­фе­драсының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Р.Әбсаттаров саясаттану мен әлеуметтану пәндеріне қатысты аударылған оқулықтар жөнінде сөз сөйледі. Батыстан заманнан қалмау үшін үйренетін дүниелер көп екенін айта келе, саясаттану ғылымының бас­тау бұлағы Шығыста жатқанын, шығыс ойшылдарының еңбектерін ұмытпау керектігін еске салды. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, эко­­­­но­­мика ғылымының докторы Ұ.Искаков экономикаға қатысты ауда­рыл­­­­ған кітаптар нарықтық қоғамға қа­тысты дүниелерді қарастырғанын, экономиканың теориялық жағы көбірек қозғал­ғанын атап өтіп, еңбек­тің ­басты құндылығы тілінің қарапайым­дылығында деген пікір білдірді. Философияға қатысты аударылған кітаптар жайлы Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары, философия ғылымының докторы С.Нұрмұратов аударылған Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты кітабына пікір бергенін, батыс оқулықтары негізінен диалогқа құрылатынын, сондықтан да оқылуы, түсінуі жеңіл екенін атап өтті. Шара барысында философия ғылы­мы­­ның докторы А.Артемьев, педа­го­гика ғылымының кандидаты Ж.Әбішева, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, фи­лология ғылымының докторы Г.Пірәлі және т.б. сөз сөйлеп, ой-пікір­лері­мен бөлісті. Аударма кез келген қоғам­­дық дамудың көшінде бар тәжірибе еке­нін атап өтіп, Алаш қайраткерлерінің ал­дында да әліпби мәселесі, жаңа оқу­лық құрастыру, аударма мәселесі күн тәр­­тібінде тұрғанын тілге тиек етті. Мемлекеттік тілге аударылған кітап­тар мен оқу құралдарын ­насихаттауды мақсат тұтқан шарада «Алматы уни­верситетінің хабаршысы» ғылыми журна­лының таныстырылымы өтті.

Ләззат Демеуова

737 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы