• Мәдениет
  • 28 Тамыз, 2018

Алатау ауданына – 10 жыл!

Қадірлі айтыссүйер ағайын! Алматы қаласы күні аясында Алатау ауда­нының 10 жылдығы мен «Алматы ақшамы» газетінің 30 жылдығына арналған аламан айтыс өтеді. Алатау ауданы әсем қала­ның ажарын кіргізіп, әлеуетін арттыруға айрықша үлес қосып отыр. Алматы қаласы әкімдігінің тікелей ұйымдастыруымен өтетін «Алатауым – алтын ұям» атты бұл жыр жәрмеңкесіне Бекарыс ­Шойбеков, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Әсем Ереже, Рүстем Қайыртай, Мұхтар ­Ниязов, Қалижан Білдәшев,Төлеген Жаманов, Шұғайып Сезімхан, Біржан Байтуов, Қазірет Бердіхан, Қанат Мырзахан, Ершат Қайболдин, Ержан Әміров, Рауан Қайдаров, Саягүл Бірлесбек, Абай Жолмағанбетов, Талғат Мықи, Арғынбек Қалжан қатарлы топ жарған жиырма ақын қатысып, «Таскредит» қаржы компаниясы (президенті Дулат Тастекеев) және «Ай-Cер» компаниясы (Айкерім және Айкүнім Мәнізорова) жүлделерін сарапқа салады. Сондай-ақ «Алматы ақшамы» газетінің «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» арнайы жүлделері бар. Бас жүлде – автокөлік. Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлық­тың лауреаты, Айтыс ақын­дары мен жыршы-терме­шілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы, көрнекті ақын Жүрсін Ерман жүргізеді. Айтыс «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 15-16 қыр­­күйек күндері өтеді. Екі күнде де басталуы – сағат 15:00-де Билеттер: «Алатау» театрының, Республика сарайы­ның, Суденттер сарайының кассаларында сатылады. Байланыс телефон: 398-62-44, 8778 778 0719 Ұлттық өнердің тойына асығыңыздар!

2566 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы