• Тұлға
  • 24 Қаңтар, 2019

Алтынбек ӘМІРҒАЛИЕВ, Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы: Мақсатымыз – кәсіподақтар қызметін нығайту

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының XXIV съезінде Қазақстандағы еңбек құқықтарын тиімді қорғау үшін алдағы бес жылға арналған шаралар анықталды және 2020 жылға дейінгі іс-қимыл cтратегиясы қабылданды. Осыған орай Ақтөбе аймағында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайында облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Алтынбек ӘМІРҒАЛИЕВПЕН сұхбаттасқан едік.

— Әңгімеңіздің басында кәсіподақ орталы­ғының негізгі міндеттері және бүгінге дейін орта­лықта атқарылған жұмыстар туралы айтып берсеңіз... — Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы — еңбек құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның ең ірі қоғамдық ұйымы. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы салалық кәсіподақтар мен 16 аумақтық бірлестікті біріктіреді. Олардың қатарында екі миллионнан астам мүше бар. Федерацияның барлық жұмыстары белгіленген заңнама аясында Қазақстанның жұмыс істейтін тұрғындарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған. 2018 жылдың қаңтарында Қазақстан ­Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2018-2028 жылдардағы қызметін жаңғыртуға арналған жол картасы әзірленді. Ол – Федерация қызметінің нақты бағыттары бойынша жұмысты жандандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары. Жол картасы, негізінен, елдегі ақпараттық салада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының қызметін күшейту, әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссиялардың жұмысы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құру, жастармен жұмыс істеу және құқықтық тәрбиелеу мәселелеріне бағытталған. Бұл құжат жаңа міндеттемелерді енгізбейді және мүшелік ұйымдардың құқықтарын бұзбайды, соның ішінде салалық кәсіподақтардың қызметіне кедергі келтірмейді. Бір сөзбен айтқанда, кәсіподақтар федерациясының басты міндеті – әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ақтөбе облысының кәсіподақтар орталығы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының мүшесі ретінде қазіргі уақытта 1,1 мыңнан астам бастауыш және 25 салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымының жұмысын біріктіріп, үйлестіреді. Олардың ішінде 130 мың кәсіподақ мүшесі бар. Қазіргі уақытта облыс әкімі, кәсіподақ орталығы мен кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған үш жақты келісімге сәйкес облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның жуырда өткен отырысында 2018 жылдың 5 қазанындағы халықтың жалақысын көтеру туралы Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қосымша келісім бекітілді. Кәсіподақтар Федерациясы «Нұр Отан» партиясы мен жоғарғы сот арасындағы еңбек туралы заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды нығайтуға және еңбек дауларын шешудің альтернативті механизмдерін пайдалануға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Меморандум шеңберінде «Татуласу орталығы» іске қосылды. Оның мақсаты – азаматтар арасындағы туындаған дау-дамайларды алдын-ала реттеуді толықтай қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіподақ мүшелеріне қатысты жанжалды шешуге байланысты қызметтерді, соның ішінде еңбек дауларын реттеу болып табылады. 2018 жылдың 12 маусым күні кәсіподақ орталығы Еуропалық құқық және адам құқықтары институтымен бірлесіп, «Құқықтық мәдениетті және қоғамның құқықтық сауаттылығын қалыптастыру» әлеуметтік жобасының шеңберінде Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құқықтық көмек көрсету орталығын ашты. Оның мақсаты – құқықтық мәдениетті, заңдылықты сақтау, құқықтық көмекке қолжетімділікті бағалауды, сананы жаңғырту тұрғысында шағын қылмыстарға нөлдік төзімділік атмосферасын қалыптастыру. Аталған орталықтар еңбек делдалдығы жағдайларын тегін қарастырады. Тұрақты әлеуметтік ахуалды сақтау, ай­мақтағы еңбек дауларын болдырмау мақсатында және 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жаңғыртуға арналған жол картасын жүзеге асыру шеңберінде өңірдегі еңбек ұжымдарымен және кәсіподақ белсенділерімен кездесулер кестесі жасалады. Жыл басынан 60 кәсіпорынға барып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып, кәсіподақ орталығы жұмыс істейтін жұмыскерлердің төмен жалақы деңгейлерінің жалақысын көтеру мониторингін жүргізу үшін өңірлік штаб құрды. Жұмыс нәтижесі бойынша биыл 75 мың адамның жалақысы көбейеді. Мемлекет басшысы жастарды жан-жақты қолдау мақсатында биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Кәсіподақ орталығы өз қызметінде жастар саясатын күшейту мен жандандыру бойынша жүйелі жұмысқа ерекше назар аударады. Бұл мақсатта жұмыс жасайтын «Келешек» жастар кеңесі кәсіподақ орталығында жаңа форматта құрылып отыр. «Келешек» жастар кеңесінің мақсаты – жастардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, жастарға әлеуметтік-еңбек қатынастары, білім беру және кәсіптік білім беру саласындағы құқықтарын хабарлау, жастарды кәсіподақ қатарына тарту. Сондай-ақ біз кәсіподақ орталығында санаторлық-курорттық емдеу және демалыспен айналысатын «Профтур» бірыңғай туроператорын аштық. Қазіргі уақытта ­«Профтур» компаниясы санаторлық-курорттық ұйымдармен ынтымақтастық туралы 15 келісім жасады. Кәсіподақ ұйымы және оның мүшелері, сондай-ақ, тілек білдіргендер «Профтур» арқылы жолдамаларды жеңілдіктермен ала алады. – Сіздің ойыңызша, бүгінде халықтың кәсіподаққа қосылуына не түрткі болады? Яғни, еңбеккерлерді кәсіподақ мүшелігіне тартуда қандай мотивациялық негіздерді ұсынар едіңіз? — Кәсіподақ мүшелігінің мотивациясы – көптеген кәсіподақ ұйымдары үшін қиын тақырып. Қызметкер өз құқықтарын қорғауы үшін жалғыз әрекет етпеуі керек. Бүгінде ұйым мүшелері кәсіподақтың әлеуметтік, еңбек және қоғамдық мүдделерді қорғау құралы, жұмысшылардың мүддесін қорғайтын үлкен күш екенін түсініп отыр. Кәсіподақ мүшелігін сақтау және жаңа қызметкерлерге арналған науқан жүргізу арқылы адам өзінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғауға мүмкіндік алады. Қолданыстағы Еңбек кодексі жұмысшылар­дың мүдделерін қорғайтын кәсіподақ ұйымын өте маңызды ұйым ретінде бағалап отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде жұмыс берушіге қызметкерді өз қалауы бойынша жұмыстан шығаруға немесе қысқартуға тыйым салады. Бұл рәсімде кәсіподақ комитетінің пікірі ескеріледі. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ұжымдық шарт жалақы, демалыстар, сыйақы беру, жұмыстан шығару және тағы басқа туралы шешімдер қабылдаудың өзге де ережелерін белгілей алады. Сондықтан ұжымдық шартта жұмыс берушінің барлық бұйрықтары кәсіподақ комитетінің келісімімен ғана қабылдануы тиіс. — Облыс кәсіподақтары жұмысшылардың заңды мүдделерін қалай қорғайды? Нақты мысалдар келтірсеңіз. — Кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек қаты­настарын реттеудің қолданыстағы әдістерінің бірі — ұжымдық келісімдердің жасалуы. Облыста ұжымдық келісімдерге қол жеткізумен айналысатын кәсіпорындар­дың саны 75,5 пайызды құрайды, барлығы 8 610 ұжымдық шарт жасалған. Кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейтін жерде ұжымдық келіссөздер 100 пайызды құрайды. Ұжымдық шарт — кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіп­одақ­­тардың негізгі құралы. Сондықтан олардың мазмұнына және сапасына ерекше назар аудару керек. Қолданыстағы ұжымдық шарттардың ережелері, әсіресе, еңбекақы төлеу саласында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды өзгертіп, олар жаңа әлеуметтік пакеттермен және кепілдіктермен толықтырылуы қажет. Алайда бүгінде облыста ұжымдық шарт жоқ компаниялар бар, мысалы, «Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Анвар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Ақтөбе-Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Көктас» акционерлік қоғамы, Ақтөбе мұнай өңдеу зауыты. Осы компанияның қызметкерлері ұжымдық шарт жасаспау себебінен, әлеуметтік және материалдық көмектен үміттене алмайды. Бұдан басқа кәсіподақ орталығында азаматтар тұрақты негізде қабылданатын қоғамдық қабылдау орны бар. Облыстың кәсіпорындарына және аудандарына бару тәжірибесі жалғасып келеді. Өткен жылдың 10 айының ішінде қабылдауға 166 азамат жазбаша түсініктеме беру және құқықтық көмек көрсету арқылы қабылданды, мән-жайлары туралы шешім қабылдау арқылы 12 жазбаша өтініш қаралды. Жақында кәсіподақ орталығы әлеуметтік серіктестермен, облыстық ішкі саясат бөлімі және еңбек инспекциясымен «Ұлы қабырға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты кәсіпорынға барып, жұмысшылардың ұжымдық арызын қарады. Арызда еңбекақы мөлшерінің төмендеуіне байланысты еңбек жағдайлары өзгерген қызметкерлердің келіспеушілігі туралы жазылған. Бұл мәселе кәсіподақ орталығы мен сол компанияның бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдау көрсету нәтижесінде, ұжымдық арыз келісу комиссиясында қаралып, нәтижесінде жұмыс берушінің бұрын шығарылған актісі жойылды, бұрынғы еңбек жағдайлары қызметкерлерге қайтарылды. Сондай-ақ өткен жылдың маусым айында аймақтағы тұрақты әлеуметтік ахуалды сақтау мақсатында біз Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Ақтөбе филиалының директоры Ө.Уркембаевпен бірге «Сағыз ­Петролеум компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен кездесу барысында әлеуметтік аударымдар туралы мәселе көтердік. Себебі жұмыс беруші 2005 жылдан ­бастап жұмыс берушілердің әлеуметтік аударымдарын мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудармай келген. Қазіргі уақытта бұл мәселе оң шешім тауып, жұмысшыларға арналған жұмыс беруші тарапынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 134 миллион теңге қаражат және 65 миллион теңге айыппұл аударылған. Осының арқасында осы компанияның қызметкерлері заң бойынша талап етілетін әлеуметтік төлемдерді алатын болады. — Кәсіподақ қозғалысы үшін қандай реформалар қажет? Сіздің ойыңызша, кәсіподақ, ең алдымен, қандай міндеттерді шешу керек? — Уақыт пен заман талабына сәйкес кәсіподақтар федерациясы кәсіподақтарды біріктіру мен кеңейтуге, еңбек қатынастарын реттеуде олардың рөлін арттыруға, әлеуметтік әріптестікті дамытуға, ұйымдастырушылық-қаржылық жұмысты жетілдіруге, кәсіподақ кадрларының жауапкершілігін көтеруге, олардың резервін даярлауға, еңбек ететін әйелдер және жастармен жұмыс істеуге, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуға ықпал етеді. Осыған орай бүгінгі күні кәсіподақтар қызметінде жаңа идеялар мен шешімдер қолдауға ие болып, бірқатар бастамалар жасалып жатыр. 2018 жылы Қазақстан ­Республикасы ­Кәсіп­одақтар Федерациясы қарапайым мүшелермен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірге «Кері байланыс» жүйесін құруға бағытталған бірқатар ірі және жүйелік іс-шаралар өткізіп жатыр. Осылайша кәсіподақ қозғалысының жаңа үлгісін жасау арқылы қоғамдағы кәсіподақтардың рөлін одан әрі нығайту, әлеуметтік әріптестікті жетілдіру қолға алынбақ – Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Дәуіржан Жұмажанұлы

926 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы