• Қоғам
  • 17 Сәуір, 2019

Ата-анаға құрмет – мерейлі міндет

Алматы облысы Алакөл ауданының мешіт жамағаттары «Ата-анаға құрмет – асыл міндет» акциясын бастап, игілікті шараның ұйым­дастырылуына ұйытқы болды.

Үшарал қаласындағы аудандық орталық мешітте шымылдығы түрілген шарада Алла үйіне үзбей қатынап жүрген иманды азаматтар бірігіп, әке-шешелерін руханият ордасына жиды. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым қатынас пен құрмет жайында айтылған уағыздан кейін арнайы дайындалған сыйлықтарын әке-шешелеріне табыстаған мешіт жамағаттарының көздерінен еріксіз тамшылаған жастан іңкәр махаббат пен риясыз сезімді аңғарғандай болдық. Жүрек түк­пірінен ақтарылған ізгі ниет пен тілектерден кейін ақ дастарқанда бас қосылып, дуалы ауыз ақ­сақалдар мен әз әжелердің батасы тыңдалды.

Айдана Смағұлова

409 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы