• Ақпарат
  • 30 Мамыр, 2019

ОЮДЫҢ АҒЗАМЕН БАЙЛАНЫСЫ

ТОТЕМ ЖӘНЕ СЕНІМГЕ ҚАТЫСЫ

[caption id="attachment_52817" align="alignleft" width="306"]1. аталық дәуірді бейнелеу (Шағантоғай жартас сызбасы). «жілік», «жебе ұшы» өрнектерінің әсілгі нұсқалары. 1. аталық дәуірді бейнелеу (Шағантоғай жартас сызбасы). «жілік», «жебе ұшы» өрнектерінің әсілгі нұсқалары.[/caption] [caption id="attachment_52818" align="alignright" width="298"]2 — 3. аналық ДәуірДі бейнелеу (Көктоғай Таңбалы өңірі). «көз», «шүйіртпе», «орай» өрнектерінің әсілгі нұсқалары. 2 — 3. аналық ДәуірДі бейнелеу (Көктоғай Таңбалы өңірі). «көз», «шүйіртпе», «орай» өрнектерінің әсілгі нұсқалары. [/caption]

Әр халықтың өздерінің өмір көшінде өздері көріп, білу, есту арқылы қорытып, оларға сенген, тіпті сол сенімдерін пір тұтатын нысандары болатын, қазақтардың да «аспан тәңіріне», «төрт түлікке, зеңгі баба, ойсыл қара, қамбар ата, шекшек ата» сияқты малдармен «аққу», «ағаш», «шөптерді» пір тұтып, олардың өздеріне жеткізген қасиеті мен әсерлері ылғида өздеріне бақыт-байлық, ғұмыр арнап, пәле-жаладан сақтап тұруына тілек тілеп отырғандықтан, олардың бейнелерін, ерекшеліктерін рухани сенімдеріне айландырып, оларды тұрмыстағы ою-өрнектеріне әкеліп түсіріп отырды.

[caption id="attachment_52819" align="alignright" width="284"]4. хайуандар (аталық дәуір кереметі) «жебе ұшы», «садақ» үлгілерінің әсілгі нұсқалары. 4. хайуандар (аталық дәуір кереметі) «жебе ұшы», «садақ» үлгілерінің әсілгі нұсқалары.[/caption]

Мысалы; төрт түлік малдың ішінде, малының басы (алғашқы төлі) байлығының негізі болған, немесе табынын (үйірін) жыртқыштардан аман алып қалған, немесе өзін (иесін) жауынан, қатерден құтылдырып кеткен түліктердің ерекшеліктерінне қарай, (ежелгі ерлікті, байлықты жыр ететін дастандарымыз тәрізді) сол түліктердің тұлғасын, мүйізін, немесе айрықша қимылын наным-сенімге айландырып, осы сенімдерді өрнектерге әкеліп түсіріп отырды.

[caption id="attachment_52820" align="alignleft" width="261"]6. Қырандар әшекейі «Қазақстан, шілікті 1983 жылы» (алымыр құстардың бақыт- байлық әкелуінен сенімге айналған) 6. Қырандар әшекейі «Қазақстан, шілікті 1983 жылы» (алымыр құстардың бақыт- байлық әкелуінен сенімге айналған)[/caption]

Өрнектеріміздің барлығы мифологикалық жүйемен байланысып жатады, үйткені халық өздері сенген бұйым, бейне, құбылыстардың құдіретінен, ерекше қасиетінен қамқор, мейір тілеп отырды. Мысалы, көк аспанды - атаға, жерді - анаға балаған халқымыз сансыздаған бақыт пен сорды «аспаннан» деп сезіп, «жақсылық тәңірі» аспанда екенін, сондықтан аспан тәңірінің барлық жақсылықты беруіне жалбарынып космостық бейнелерді өрнектерге барынша сіңірді. Мысалы; халқымыз аспанға, аспандағы ай, күн, жұлдыздарға сенгендіктен, олардың адамзаттың өсіп-өнуі мен жер-әлемнің қалыпты құбылыспен айналыста болуының барлығын «солардың құдіретінде» деп сенгендіктен, «от тегі» (құйрықты жұлдыз), «алып көк жайын» (жұлдыз), «таусылмас алтын, күміс қор (күнің аржағында тұрады). Ай сұлу мен күн сұлу (екі бикеш) «жеті қарақшы» (ақбозатты күзеткен жұлдыздар шоғыры), «ақбозат пен көкбозат» (күн райының болжаушысы) сынды аңыздардың туындауына себепші болып, бұлардың қасиетінен тілек етіп, сол аңыздардың керемет мазмұнын қол өнеріне сіңіріп отырды.

[caption id="attachment_52821" align="alignleft" width="313"]7. Жүзік - «Қазақстан Есік қорғаны» (аруақтар мен әулие саналатын адамдарға сенуден немесе күн көзінің сәулесіне табынудан келген) 7. Жүзік - «Қазақстан Есік қорғаны» (аруақтар мен әулие саналатын адамдарға сенуден немесе күн көзінің сәулесіне табынудан келген)[/caption]

Қараңыз - осы аспан тәңіріндегі қасиеттерге жету үшін жылқыны «аспаннан түскен пырақ» деу арқылы жылқыға қанат бітіріп бейнелеп, адамдарды, әсіресе пәк, сұлу әйелдерді аспан перизаты ретінде бейнелеп, оларға қанат бітіріп, олардың аспандағы барлық жақсылықтарға басқалардан бұрын баратын армандарына қанат бітірудей тілекпен ұсынылған ою-өрнектер негізінен «қанатты адам», «қанатты аттарды» өрнектерге тікелей қолданса, уақыттың өтуі мен құстардың кең аспанда еркін самғап сол зеңгір аспандағы тәңірдің бағыштар жақсылығын бұрын иелетіндігін еске ала, жаны таза, ниеті адал ел адамдарының да «тәңір қолдап, қанат бітіп сол жақсылыққа тез жетуіне» тілек білдірген «құсқанаты», «аққу», «бүркіт қанат», «қарлығаш қанат», «самұрық құйрық» сияқты ою- өрнек үлгілерінің жебеуінде (қамқорлығында) аспан тәңірінің шапағатына тез ие болуын тіледі. Әсіресе аспан әлеміне сенуден, «күн көзі», «айшық», «шұғыла», «жұлдыз», т. б. өрнектер арқылы аспан тәңірінің тіршіліктеріне «күндері күліп», «жұлдыздары жарқырап», «айлары оңынан туып» тұрудай тілектер білдіріп, ою-өрнектер үлгілерін түсіріп отырды. Бұлардан ежелгі адамдардың қиялдық наным-сенімінің ықпалымен бүгінгі ғажайып ою-өрнек үлгілерін жаратқанын байқаймыз.

Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ, этнограф

865 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы