• Ақпарат
  • 13 Маусым, 2019

Түркі жазбалары – өткенді тану

Қазақстан – көп ұлтты бауырына басқан киелі мекен. Солардың ішінде өзге этнос өкілдерімен қатар діні мен тілі бір түркі тілдес ұлттар да бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Олармен ең бірінші қазақ халқын тығыз байланыстыратын дүние – Көне Түркі жазба ескерткіштері.

Осыған орай С.Торайғыров атындағы Павлодар мемле­кеттік университетінің мәжіліс залында дәстүрлі Түркі тілдес халықтарының жазбалары күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – ұлттар татулығын нығайту мен түркі тілінің абыройын асқақтату. Елеулі күнге арналған шара көрермен назарына ұсынылған Түркі жазуларының тарихы туралы деректі фильммен басталып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты. Сондай-ақ аталған шарада мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп жүрген зиялы қауым өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды. Концерттік бағдарламаны тамашалауға этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мәдениет және білім беру саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері, қазақ-түрік лицейінің тәрбиеленушілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Жалпы көне түркі жазбаларын тану – көптеген ғылыми жаңалықтарды ашуға, бұрынғы замандардағы құндылықтарды зерделеуге, оларды бүгінгі уақытпен байланыстыруға негіз болары анық. Олай болса, осындай рухани шараның маңызы қашанда айрықша.

Төлеген Ғизатұлы

344 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы