• Мәдениет
  • 13 Маусым, 2019

ОЮ-ӨРНЕКТІҢ ЖҰЛДЫЗДАРҒА ҚАТЫСЫ

Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ, этнограф

Әр жылды он екі айға, әр айды отыз жұлдыздан ­жиыны 360 жұлдызбен жыл есебін қайырып, жер бетіндегі адам қанша болса аспанда сонша жұлдыз болып, әрбір пенденің жұлдызы өзінің ғұмырын, тірліктегі бақ пен сорын бейнелеп қоймастан, табиғаттың түрлі құбылыстарынан сыр тартып, сол жұлдыздармен салыс­тыра болжап әрі оларға барынша сеніп сыйынатын халқымыз аспан әлемі, ондағы жұлдыздар жайында ғажайып мифологиялар тудырып, олардың бейнелерін өрнектеріне де қолданып отырған. Мысалы, бір жылды он екі ай десек, осындағы ақпан, наурыз, бүркіт, ешкімүйіз, ақбозат, үркер, шолпан сынды әр айға, әр жылға, әр күнге тура келетін жұлдыздар болады. Осындағы аспанда тұрған әрбір жұлдыз бір-бірімен үндесіп, бір жылдағы үлкен он екі жұлдыздың маңына топтасады да, әр жұлдыздың өзіндік ерекшелігі, қасиеті, қаһары болатынын, сондықтан осындағы әр жұлдыздың ішінде туған әр пенденің өмірі, тағдыры бақ пен соры әр басқа болатындықтан «жұлдызы өшу», «жұлдызы болмау», «жұлдызы жану» дегеннің бәрін осы пікірімізге байланыстыра дәлелдеген.

Ендеше осы наным-сенімдердің жаңғырығы сынды бүгінгі тұрмысы­мызға жеткен «жұлдыз», «айшық», «бұлт» өрнектерінің туындауы да, әрине, жоғарыдағы сенімге қатысты екенін байқаймыз. Мысалы, ежелгі ғұндар қораланған күнді () белгісімен бейнелесе, ежелгі түріктер наурыз айын () бейнесінде «табақ оюы» делініп, «аспаның ашық, айың оңынан тууын» дәлелдесе, кей деректе () бейнесі оюы «айбас» делініп, бұл айдың қораланған бейнесін келтіргендіктен, «қарғыс ретінде қолданған» делінеді. Осы пікірімізге бір дәлел. Қазақтар сары түсті жақтырмайды. Мұнысы «аспанда» сары жұлдыз» деген жұлдыз болады. Біткен жамандықтың иесі сол «сары жұлдыз», сондықтан жүйеден ою-өрнекке сары түсті қоспайды. Егер өрнекке сары жұлдыз пішімдерін қосса, ол «бақытсыздық тілеген қарғысты» меңзейді екен. Сондықтан ою-өрнектегі жұлдыз өрнектері де қазақ халқының өздеріне мәлім болған, әр жұлдыздың ел арасында ғажайып хикаялы елудей жұлдызбен қатысты деуге болатындай. Мысалы, аспанда «аққу», «мерген», «торпақ», «ешкімүйіз», «бүркіт», «бикеш», т.б. жұлдыздардың өз алдына әңгімелері бар. Осылардың бірі – «аққу». Қазақтар аққуды ата-тегіне балайды. Әрі аққу – қыз делініп, «Қалшақадыр батырды аққу қыз өлімнен құтқарып қалып, содан бастап аққу қыз «аруға» айналып, батырмен бірге болады. Міне, осылардан қазақ және қазақ ұлы тараған-мыс». Сол сияқты «торпақ» жұлдызы – малдың құтын, амандығын сақтайтын байлық жұлдызы делініп, осындағы бақыт-байлық, ғұмыр сыйлайтын жұлдыздардың әрқайсысын пір санап, оларға сыйынып, табынып отырды. Сондықтан халқымыз өз өмірінде қолданған мүкамал мүліктерге сол қасиеттерді ою-өрнек ретінде «бүркіт қанат», «аққу», «құс қанаты», «мүйіз», «жебе ұшы» сияқты өрнектерді әр ­алуан түрмен қолданып, сондағы арман мен тілектерін бір-біріне тоғыстыра рух пен тұрмысқа тең ­байланыстырып келгенін байқаймыз. Біз осы пікірімізді дәлелдеу үшін, аспанда көрсетілген бірнеше жұлдыздың бейнесіне қарай өрнектердің өмірге келуін дәлелдесек барып пікірімізді тіпті растаймыз. Жоғарыдағыдай аспан жұлдызда­рының аңызы немесе орналасу бітіміне қарай өз тұрмыстарына жұлдыз пішімді өрнектерді жаңғыртып қолдана білген халқымыз олардың өзара мазмұндық сәйкестігіне қашанда құрмет көрсетіп, тұрмыстарына үйлесімді қолданып отырды. Мысалы, «шұғыла» үлгісінің аспан жұлдызы «бикештің» жарқыраған сәулесінен нұр алып, мәңгі ашық, жайдарылықты бейнелесе, «шолпан» жұлдызының адамзатқа, күллі табиғатқа, жан-жануарларға беретін мейірі мен қасиетін «шұғыла» үлгі өрнегіне әкеп қондырды. Ал «аққу» жұлдызы, «байтсайын» (батсайын) өрнегіне өз мейірін төксе, «қошқар мүйіз», «сыңар мүйіз» сынды мүйіз өрнектер үлгілері, аспандағы «торпақ», «саратан» жұлдыздарының қасиетімен үндесіп, адамзатқа мейір, байлық, жақсылық және ғұмыр бағыштау мазмұнын толықтады. Ал «балық», «кит» жұлдызы, тіпті Ғұн, Алан ­тайпаларының өрнектерінен дерек беретін «ұлу», «балық» пішімді ою үлгілерімен жаңғырып, «ұзақ ғұмыр», «пәктік, тазалықтың негізін адамдарға бағыштаған» тілектер мен барлық өрнектерге келіп сіңіп отырғанын байқаймыз. Осылайша әрбір үлгілердің келіп шығуы адамдар өздері сеніп, нанған немесе қиялдаған бейнелердің құдіреті мен тылсым сырынан өмірге келіп, сол сенімдердің бейнеленген үлгілер арқылы халықты үлкен мақсат, тіпті ұлы мұрат сынды өркениетке жетектеп отырғанын аңғарамыз, ендеше жоғарыдағыдай пікірімізді тіпті де дәлелдеу үшін жұлдыздардан немесе аспан әлемінен алынған ою-өрнек үлгілерін оқырманға ұғынықты етіп таныстыра кетейін. Міне, бұлардан қазақ ою-өрнектерінің жұлдыздармен тікелей қатысы бары аңғарылады.

16588 рет

көрсетілді

5024

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы