• Әдебиет
  • 20 Маусым, 2019

ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ. ОЛ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлықтау рәсімінде билік пен халықтың диалогын орнатуға, қордаланған мәселелерді талқылап, нақты шешімдер қабылдауға ықпал ететін Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын айтқан болатын. Жуырда Мемлекет басшысы өз Жарлығымен аталған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Бұл Кеңес қандай жұмыстарды атқаруы тиіс, қызметі нендей мәселелерді қамтуы керек деген сауал төңірегінде саясаттанушы Марат Башимовтың пікірін білген едік. 

– Мемлекет басшы­сы­ның Ұлттық қоғамдық се­нім кеңесін құру туралы шешімі уақытында қабыл­данды деп ойлаймын. Бұл, Президенттің өзі айтып өткендей, билік пен халықтың диало­гын қалыптастырып, жұрт­шылықтың пікірі назардан тыс қалмауы үшін, билік өкілдері елді толғандырған әр мәселеге құлақ асып, сол мәселелерді шешуге ықпал етуі үшін керек. Менің ойымша, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамда, әлеуметтік, экономикалық, тағы да басқа маңызды салаларда қордаланған сауалдарды күн тәртібіне шығарып, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіретін болады. Әрине, қоғамдық кеңеске мүше болатын азаматтар әртүрлі қоғамдық салалардың өкілдерінен болғаны дұрыс. Оның ішінде қоғам белсенділері, қайраткерлер, өз ісінің білікті мамандары, билік пен халықтың өзара диалогын жақсартуға себепші болатын, елге беделі бар, сөзі өтетін және сөзін билікке де тыңдата алатын тұлғалар болуы керек деп ойлаймын. Бұл еркін айтылатын, өзекті мәселелер қозғалатын пікірлер алаңына айналады деген сенімім бар. Солай жүзеге асуы да керек. Себебі халықтың билік тарапынан нақты шешімдерді күтіп отырған мәселелері жетерлік. Ол баспана болсын, жұмыспен қамту болсын, көп балалы аналардың мәселесі болсын – бәрі де өркениетті түрде, мүдделі топтардың өзара кеңесе отырып шешім қабылдайтын құрылымға айналуы керек. Бір сөзбен айтқанда, нәтижелі жұмыс істеп, халықтың көңілінен шығатындай дүниелер жасалса деймін.

Әңгімелескен Дәуіржан ЖҰМАЖАН

708 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №14

11 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы