• Ақпарат
  • 20 Маусым, 2019

АЙБЫН МЕН НАМЫС

Қазақстан Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткен ­­­ V «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуына қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-пат­риоттық жиынға қатысу­шыларды құт­тықтап, өткізіліп отырған іс-шараның ерекше маңызын атап өтті. Бұл жиын елі­міз­дің ең сенімді, жауапты, отаншыл әрі батыл жастарының басын қосып отырғанын айтты. Қазақстан Президенті мемлекет тарапынан жастарды қолдауға және олардың әлеуетін арттыруға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтіп, жастар дамудың символы және жарқын болашаққа деген үміттің көрінісі екеніне назар аударды. Сондықтан Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп атағаны кездейсоқ еместігін айтты. – Жастар ел өміріне белсенді араласып, азаматтық қоғамның дамуына және елімізді табысты жаңғыртуға септігін тигізуде. Елімізде Қазақстан жастарының бойында отаншылдық рухты қалып­тастырып, тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінеді. Осыған орай, «Жас сарбаз» республикалық балалар мен жасөспірімдердің әс­кери-патриоттық қозғалысы құрылды. Барлық өңірде бұл ұйым­ның бөлімшелері жасақталып, жұмыс істеп жатыр. «Жас сарбаз­дың» әскери-патриоттық клубтары мен сыныптарының саны 6 мыңға жетіп, 174 мыңнан астам баланы қамтыды, – деді ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы. Қасым-Жомарт Кемелұлы жастарды әрқашан барлық азаматтарымызды біріктіретін ортақ құндылықтарға – жасампаз еңбекке, бейбітшілік пен келісімге, халықтың бірлігіне, Отанға деген мақтаныш сезімге және оның ұлы тағдырына алаңдау­шылық білдіруге шақырды. – Мен батыл ұрпақ өсіп келе жатқанын көріп тұрмын. Сіздер заманауи Қазақстанның биік ­мұ­­рат­тары негізінде тәрбие ал­дыңыз­дар. Өздеріңіздің білімде­ріңіз­­бен және қажырлы еңбекте­ріңіз­бен Отанымыздың – Мәңгілік елі­­­­міздің даңқын шығарасыздар. Сіздердің Тәуелсіздік құндылықта­рын дәріптейтіндеріңізге, ел жетіс­тіктерінің табысты эстафетасын абырой­мен алып жүруді жалғастыра­тын­да­рыңызға сенемін, – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ өз сөзінде әр адамның өміріне қажетті қасиеттер туралы айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, ең алдымен, парасаттылық, білім, кәсібилік пен Отанға деген адалдық қажет. – Сіздерде күш, энергия мен шы­ғарма­шы­лық әлеуеті зор. Осының бәрін өмірдегі басты мақсаттарыңызға қол жеткізуге жұмсаңыздар. Еліміз әр­қайсыңыздың табысты болған­дарыңызға мүдделі. Себебі сіздердің жетістіктеріңізден тұтас елдің жетістігі қалыптасады. Ой-мақсат­тарыңыздың жүзеге асуына шын жү­ректен тілек­шімін, – деді Мемлекет басшысы. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы сөзінің соңында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын ашық деп жариялап, қатысушылардың оқуына сәттілік, мықты денсаулық пен табыс тіледі. «Айбын» байрағын көтеру рәсімінен және жарыс пен концерттік бағдарламаны әділ өткізуге салтанатты ант бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2050 жылдың «Жас сарбаз» қозғалысына қатысушыларға арналған «уақыт капсуласын» қалауға қатысты. Қазақстан ­Президен­тіне қару-жарақ түрлері, құрлық әскерлері мен әуе қорғаныс күштері техникаларының мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы далалық лагерьмен танысып, қатысушылардың жатын орнын көрді, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен әңгімелесті.

Ақбота ҚУАТОВА «Ана тілі»

650 рет

көрсетілді

52

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы