• Білім және ғылым
  • 26 Маусым, 2019

Достық қашанда қадірлі

Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының медициналық колледжінде Алматы облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқының рухани жаңғыруы» атты облыстық фестиваль өтті.

«Нұр Отан» партиясының Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұмабек Чажабаев,­ Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы ­Оралбек Жақиянов, этномәдени бірлестік төрағалары мен белсенділері, колледж оқытушылары мен білімгерлері және БАҚ өкілдері қатысқан шарада 11 этностың мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетіп, рухани жаңғыруға бағытталған көріністер қойылып, концерттік бағдарлама да болды. «Нұр Отан» партиясының Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұмабек Чажабаев фестивальдің мақсатын жан-жақты түсіндіріп өтті. Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің атқарған жұмыстары жайлы өз ойын ортаға салды. Оның айтуынша, облыс аумағында өмір сүріп жатқан әр этнос өкілдерінің атқарған қыруар жұмыстары көңіл қуантады. Әсіресе, олардың қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сыйлайтындығын ерекше атап өтті. Алматы облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлесті­гінің төрағасы Гриф Хайруллин алғашқы сөзін қазақ еліне алғыс айтудан бастады. Ел басына қиын-қыстау күн туғанда бір үзім қара нан мен бір тамшы су беріп, тұтастай елді аман алып қалған қонақжай қазақтың асыл азаматтары мен ардақты аналарына бас иіп, рақметін айтты. «Қазақтай жомарт халық жоқ. Олар қайырымдылық жасауға келгенде алдына жан салмайды. Біздің әкелеріміз нәубет жылдар ­туралы айтқанда ең бірінші қазақтың бауырмалдығын ерекше атап өтетін. Сол үшін біз, тұтастай татар-башқұрт ұлты, қазаққа мәңгі қарыздармыз» деп ерекше ықыласпен тілегін арнады. «Қазақстан-Корей» достық ұйымы РҚБ облыстық филиалының төрайымы Клара Хан да ата-баба, бала-шағасының атынан қазақ еліне алғыс айтты. Алматы облыстық «Элефтерия» гректер бірлестігі ҚБ төрағасы ­Георгий Иорданиди, облыстық «Ахыска» түрік мәдени орталығы филиалының төрағасы Шахисмаил Асиевтер құттықтау сөз сөйлеп, фестивальден алған әсерлерімен бөлісті.

Еркенұр ЕРЗИЯ Алматы облысы

574 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы