• Тарих
  • 31 Шілде, 2019

Дүниежүзілік мұралар тізіміне енбек

Жуырда Павлодар облысының әсем де көрікті жерлерінің бірі – Баянауыл ауданына Жапония,­ Бельгия елдерінен, сондай-ақ Алматы қаласынан бір топ ғалымдар келді. Сапардың мақсаты – осынау­ ғажайып өлкені ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу.

Экспедиция құрамында Қазақстан Республикасы­ Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымының докторы, профессор, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының тарихи материалдарды зерттеу ақпараттық орталығының директоры, ЮНЕСКО «Ғылым және руханият» кафедрасының меңгерушісі Әбусейітова Меруерт Қуатқызы, аталған институттың жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Жанымхан Ошан, Лувен Католик университетінің профессоры ­(Бельгия) Анна Мари Вильмено, Киото Этнология ұлттық мұражайының доценті, PhD докторы (Жапония)­ Токо Фудзимото сияқты беделді ғалымдар болды. Бұл шараға ұйытқы болып, халықаралық дәрежедегі жұмыстың атқарылуына тікелей атсалысып­ отырған Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, профессор Алтынбек Нухұлы ғалымдарды өзі бастап, Баянауылдың әр тасының тарихына, әр сайының сырына қанықтырды. Алғашқы күні ғалымдар тобы облыс орталығында аялдап, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің құрамында ашылған Margulan Centre археологиялық орталығымен, Ертіс жағасындағы «Қазқонақ» палеонтологиялық орнымен, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен ­танысты. Сапар аясында ғалымдар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Мұса Шорманұлының кесенелеріне атбасын бұрды. Қоңыр әулие үңгірімен танысты. ­Баянауыл өлкесінде ықылым замандардан бері түзіліп, табиғи жолмен қалыптасқан Найзатас, Кемпіртас, Данатас, Саймантас сияқты әртүрлі адами әрі анатомиялық бейнедегі тастарды аралап, даңқты режиссер Шәкен Аймановтың атамекені Айманбұлақ пен Шоң бидің кіндік қаны тамған ауылды көрді. Торайғыр көлінің жағасындағы сақ дәуірінен қалған «мұртты обалардың» зерттелу барысына назар аударды. Экспедицияның соңғы күні ғалымдар Баянауыл ауданының орталығында болып, әйгілі академик, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев мұражайына бас сұқты. Кемеңгер ғалымның өмірімен, теңдессіз еңбек жолымен танысты. Сапардың қорытынды бөлімінде облыс орталығында «Ұлы Дала мәдениеті мен тарихы» конференциясына қатысты.

Жанасыл Серікбол

659 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы