• Руханият
  • 08 Тамыз, 2019

Тілегі бірдің мақсаты да ортақ

«Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»,­ «Жаһандағы заманауи қазақстан­дық мәдениет», мемлекеттік тіл­ді­ латын графикасына көшіру жөнін­дегі жобаларды іске асыруға барлық этномәдени бірлестіктер атсалысып келеді. Осыған орай бүгінде еліміздегі этномәдени орталықтар бұл жобаларды жүзеге асыруға белсене кіріскен. Жалпы елімізде бүгінде 1338 этномәдени бірлестік жұмыс ­жасап жатыр. Оған қоса 41 достық үйі мен үш мыңдай қоғамдық келісім кеңестері қызмет атқаруда. Осы орайда ұйымдардың барлығы халық санасына серпін береді деп күтіліп отырған жобаларды жүзеге асыруға белсене кіріскен. Елбасымыздың «Рухани­ жаңғыру» бағдарламасы ­жа­һандану дәуірінде рухани­ құндылықтарымызды ­тү­гендейтін, халқымыздың ­санасын серпілтіп, өткенін жаңғыртатын дер кезінде қолға алынған бағдарлама болды. Ел ­дамуында ұлттық құндылықтардың, елдік ерекшеліктің, азаматтарымыздың санасын рухани тұрғыдан жаң­ғыртудың маңызы зор. Сондықтан бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуге ұмтылып жатқан тұста, ел дамуын басты шарт етіп, мемлекетіміз дамыған елдердің қатарына ұмтылып жатқан шақта өткенімізге үңіліп, бар-жоғымызды түгелдеп алу қажет. Осыны сезгендіктен Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халыққа бағыттады және «Рухани жаңғыру» ­бағ­дарламасы аясында бірнеше бағытты айқындап берді. Яғни осынау бағыттар арқылы қолға алынған іс-шаралар, шын ­мә­нінде рухымыздың жаңғырып, өткенімізге үңіліп, барымызды бағалап, жоғымызды түгендеп алуда негізгі бағыт-бағдар, адас­тырмайтын шамшырақ болмақ. Бүгінгі күні ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеу арқылы, ұлттың жанына жақын, қанына сіңген қасиеттерді жаң­ғырту арқылы дамудың дұрыс, даңғыл жолында келе жатқанымызды аңғарып отырмыз. Мәселен, сот саласында бірнеше жылдан бері медиация жүйесі енгізілді. Шын мәнінде бұл сан ғасырдан бері билеріміздің бітімгершілік рәсімі, дала заңы­ның­ жазылмаған қағидасы ­болатын. Осы бітімгершіліктің арқасында қазақ даласында ұзақ уақытқа созылған жанжал, араздық болмаған. Түрмесіз-ақ тентегін тезге салып, талай ел қысқа уақыт ішінде дау-жанжалын бітімгершілік рәсімі арқылы шешіп алған болатын. Бұл жүйе халқымыздың қанында болғандықтан, қоғамымызға тез сіңісті. Бүгінде құқық қорғау органдары мен сот саласы, ­Қа­зақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Мұсылмандары діни Басқармасы, Жоғары оқу орындары, яғни қоғамымыздың барлық саласы медиация жүйесінің қанатын кең жаюыны ықпал етуде. Өткенімізге үңіліп, қазақтың тарихында бұрыннан бар осындай құндылықтарымызды жаңғырта білсек, рухани жаңғыру өз мақсатына жетіп, санамызда да серпіліс орын алады. Ұлттық құндылықтарымызды қайта оралту арқылы, ұлт ретінде бағамыз да арта түседі. Шын мәнінде рухани жаңғыру тұтас қоғамның барлық саласына қатысты. Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени орталықтар да ­«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іс-шаралардың ұйым­дастырылуына өз үлесін көптеп қосуда. Әсіресе, әдеби, мәдени шараларға этнос өкілдері белсене атсалысуда. Бұл – біздің басты жетістігіміз.

Маржан ҚАЙРАТҚЫЗЫ Алматы облысы

819 рет

көрсетілді

62

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы