• Руханият
  • 08 Тамыз, 2019

Қайырымдылық – жүректен

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Баланы мектепке даярлайық!» атты республикалық қайырымдылық акциясы өңірдің барлық партия филиалдарында бастау алды.

Акция мақсаты – «Nur Otan» пар­тиясының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасын жүзеге асыру, мектепке келуге мүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қамқорлық көрсетіп, мұқтаж отба­сылардың балаларын мектепке дайын­дауда көмек көрсету және оларға ­­то­лықтай білім алуға жағдай жасау. Облыстық Дін істері басқармасының ұжымы акцияға қолдау көрсеткен алғашқылардың бірі. Осыған орай, басқарма басшысының міндетін уақытша орындаушы Б.Ниет ­Тал­дықорған қаласының тұрғыны, көп балалы жалғызбасты ананың баласы Жайнақбаев Ерлан Арманұлына қайырымдылық көмек көрсетіп, мектепке қажетті керек-жарақтарды (оқу құрал-жабдықтары, жылы киім-кешек) табыс етті. Аталмыш акция әрі қарай да жал­ғасын тауып, облысымыздағы бар­лық бала қайырымды жандардың назарынан тыс қалмайтынына сенім­діміз.

Айнұр Досжанқызы, Алматы облыстық дін істері басқармасының баспасөз хатшысы

746 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы