• Әдебиет
  • 08 Тамыз, 2019

ЖУРНАЛИСТЕР ПІКІР АЛМАСТЫ

Алматыда Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен жүзеге асқан іс-шараға Алматы,­ Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Орал және басқа аудан-аймақтардан 40-қа жуық журналист қатысты.

Әлеуметтік мәселелердің шешімін табуы кез келген мемлекет үшін маңызды. Елімізде тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, әлеуметтік аз қамтылған топтарға көмек көрсету бағытында кешенді іс-шаралар жасалып келеді. Дегенмен, халықты толғандыратын мәселелер жеткілікті. Бұл орайда қоғам мен ресми органдар арасындағы алтын көпір саналатын бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше. Журналистер өзекті мәселелерді дер кезінде және сауатты түрде жеткізу арқылы оларға қоғам назарын аударып, дұрыс шешім табуына оң ықпалын тигізе алады. Ұлыбританиядан арнайы шақырылған медиа-тренер, «Avrupa» газеті, «Avrupa ajansı» ақпараттық агенттігі секілді бірнеше БАҚ-тың басшысы Vatan Oz қатысушыларға әлеуметтік тақырыптағы ақпараттың ресми құжаттарға сәйкес болуы, азаматтық жауапкершілік, жалған хабарлар (fake news), зиянды ақпарат дайындайтын дереккөздер (troller), деректерді тексеру (fact checkıng), Ұлыбританиядағы «BBC», «Reuters» агенттіктерінің қызметі жөнінде тарқатып айтты. Сондай-ақ ол бүгінгі медиасаладағы трендтерді ескерудің маңыздылығына тоқталды. Семинар-тренингтің екінші күнінде әлеуметтанушы-журналист Дина Имамбаева «Айқын» газетінің ­мысалында әлеуметтік тақырыптағы мақалаларға контент-талдау жасап, журналистердің осы тақырыпта материал әзірлеуіне көмегін тигізетін сандық және сапалық зерттеу әдістері, сауалнаманы өңдеу жолдарын көрсетті. «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Қарекет» бағдарламасының продюсері Самал Мейрам отандық телеарналардағы бағдарламаларды талдау, адам тағдыры, этикалық нормалар мен журналистің рөлі жайлы тәжірибесімен бөлісті. Ал ІТ-маман Ернұр Зейнуллаев аудио-бейнемонтаж жасау, сайт ашу және кәсіби жұмыста қолдануға болатын қосымшалармен жұмыс істеуді үйретті.

Риза НҰРҚЫДЫРОВА

707 рет

көрсетілді

44

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы