• Тіл
  • 15 Тамыз, 2019

Тілдік даму мен қолдану

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту­ басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі «Мемлекеттік тілді дамытудың басым бағыттары, тілдік даму және тілдік қолданыстағы іс жүргізу, аударма, терминология және латын графикасының жаңа емле-ережелерін меңгерту мәселелері» атты тәжірибелік семинар ұйымдастырды. 

Тәжірибелік семинардың мақсаты – аталған саладағы түйткілді мәсе­лелерді шешу, терминология мен электронды форматтағы мемлекеттік тілдің қолданбалы сипаты, ақпараттарды жеткізудегі өзекті сұрақтарды талқылау. Аталған шарада А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкерлері, филология ғылымының докторлары Құралай ­Күдеринова, Айман Жаңабекова, Қарлығаш Айдарбек, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Алтынбек Әбділманов, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры Мұрат Сабыр баяндама жасады. Мемлекеттік тілдің дамуы, терминология, оны қалыптастырудың жолдары, мемлекеттік тілдегі іс-құжаттардың жүзеге асуы, латын графикасының жаңа емле ережелері, оны оқытудың мәселелері жан-жақты талқыланды. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі бағыттарынан туындайтын мәселелерге, латын графикасына көшудегі тілдік саясатты қолдауға баса назар аударылды. Себебі бұл елдік деңгейде рухани жаңғыру мәселесіндегі маңызды қадамдардың бірі болып отыр, сондықтан жалпы қоғам болып белсенді ойлануымызды қажет етеді.

Рафхат Халелов Орал

638 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы