• Ақпарат
  • 21 Тамыз, 2019

Адыраспанның емдік қасиеті

Бұрынғыдан гөрі жұрт адыраспанды қазір жақсырақ білетін шығар. Оны оп-оңай табасың, қысы-жазы базарда сатылып ­жатады, оның түтінімен тауарларды, көліктің ішін аластайды. Онда әртүрлі ұғым, мән бар: сатушылар тауарларды жылдамырақ өтеді дейді, көлік пен үй иелері оның түтіні түрлі микробтарды, вирустарды жояды деп есептейді. Бұл өсімдік жайында қазақ қауымы арасында, әсіресе оңтүстік өңірде, аңыз, әңгіме көп. Адыраспанды қасиетті шөп, дәруменге бай деп есептейді. Тіпті бір аңызда оны жұлып алу үшін рұқсат сұралуы тиіс: «Ассалаумағалейкүм, адыраспан, бізді сізге жіберді Омар, Оспан» деу керек екен. Омар, Оспан – сахабалар. Жалпы бұл шөп әлемнің көптеген жерінде, шөлейтті өңірде кездеседі. Әр халық оны өзінше атайды, ғылыми атауы – гармала. Оны жұрт бұрыннан дәрі ретінде пайдаланған. Қайнатып, сұйығын ішкен, тосабын түрлі жараларға емге қолданған. Отқа жағып, түтінімен үйдің ішін, басқа да тұрғын орындарды ыстаған, аластаған. Сонымен қатар оны у ретінде пайдаланған деген аңыз бар. Тіпті атақты Сырым батырды да осы адыраспан уымен өлтіріпті деген сөз ел арасында айтылады. Бұл да оның ерекше қасиетін аңғартса керек. Жыланның уын да адам дәрі ретінде пайдаланатыны белгілі.

Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

1236 рет

көрсетілді

140

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы