• Мәдениет
  • 28 Тамыз, 2019

Мұражай мерейі

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрлеуімен байланыс­тырамыз. Тарих тереңіне көз жүгіртсек, өскен ұлттың өркендей түсуіне осы рухани жаңғыру дәлел. Бүгінгі жаһандану заманында еліміздің тарихы мен өткенін халыққа танытып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы жоспарлар мен істерді ел ішіне жеткізу маңызды да жауапты міндеттің бірі болып отыр. Осы орайда халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, яғни тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа жеткізуде музейлердің маңызы зор. ­Музей – ғылыми, мәдени-тарихи орталық. ­Музейлер – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отыратын институт. Сонымен қатар ол жинақталған мұраны ғылыми түрде зерттеп, зерделеп, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін ­насихаттап отырады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біздің музей қызметкерлері көптеген іс-шаралар өткізіп, жан-жақты қамту үстінде. «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі» дей келе, жаһандану алдында ұлт ретінде жойы­лып кетпеуі үшін әрбір жас ұлттық кодын сақтап, терең білімді бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына­ сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылатын жастарды тәрбиелеу – біздің асыл ­борышымыз. А.Сәдуақасова, Сүйінбай Аронұлы әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Алматы облысы

743 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы