• Білім және ғылым
  • 28 Тамыз, 2019

Түйткілді мәселелер ортаға салынды

Жыл сайын өтетін Тамыз кеңесінен ұстаздар қауымы әрдайым жаңалық күтеді. Өйткені жаңа оқу жылы басталар алдында Тамыз кеңесінде бір жылға арналған бағыт-бағдар сөз болады.  Биылғы Тамыз кеңесі ерекше өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, мұғалімнің мәртебесі, білім деңгейінің сапасы және т.б. өзекті мәселелер қозғалды. Мемлекет басшысының өзі қатысып, мұғалімнің мәртебесі туралы айтылуы – біз үшін, яғни мұғалімдер үшін өте қуанарлық жағдай. «Ел болам десең – бесігіңді түзе!» дейміз. Сондықтан мектептің, білімнің, мұғалімнің жайы – үнемі алдыңғы лекте тұруы тиіс деп ойлаймын. Мұғалімдердің алдынан шығатын түйткілді мәселелердің биік мінберден қозғалуы – көптеген өзекті мәселелердің шешілуіне түрткі болатынына сенімдімін. Мәселен, бұған дейін сынып жетекшісінің жалақысына болар-болмас ақша қосылатын. Бұл мәселе соңғы үш жылдан бері көтеріліп келе жатқанымен, іс жүзінде әлі нақтылана қойған жоқ. Мектепте тәлімгер мәртебесі бұрыннан бар, оның жағдайы да жақсаратын болды. Президент төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есе артатынын қадап айтты. Бұдан бөлек, бұрын балабақшадағы тәрбиешілердің еңбек демалысы 42 күн болса, енді педагогтардың еңбек демалысы 56 күнге созылды. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап 1-11 сыныптар бес күндік оқуға көшетін болды. Мұның барлығы білім сапасының жақсарып, мұғалім беделінің артуына септігін тигізетініне еш күмән жоқ. Мақсат Жабулаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы №123 мектеп-гимназия директорының орынбасары Алматы

648 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы