• Мәдениет
  • 04 Қыркүйек, 2019

Біреуге күлкі, біреуге түрпі

Үш ұйықтасаң түсіңе кірмейтін ережелер мен заңдар бар. Бұл заңдар біреуге күлкі болса, біреуге түрпідей тиеді. Дегенмен, білгеннің артықтығы жоқ.  Канадада радиодан берілетін әрбір бесінші ән Канада сазгерінікі болуы шарт. Нью Брунмвикте көшеде көлікпен жүруге қатаң тыйым­ салынған! Ел астанасы Оттавада жексенбі күні балмұздақ жеуге болмайды. Данияда әрбір көлік жүргізуші көлігін оталдырып, жүріп кетпес бұрын, жан-жағын байқауы керек. Сонымен қатар көліктің астында біреу-міреу жатпағанына көз жеткізуі шарт. Ирландияда өмірін зымияндық пен сиқырлыққа бағыттаған адам бір жылға тұтқындалады. Англияда жексенбі күндері елде азық-түлік дүкендері сауда жасамайды. Францияда шошқаға Наполеон есімін беруге, сондай-ақ полицейлерді, олардың көліктерін суретке түсіруге болмайды. Таңғы сағат 8-ден кешкі 20 аралығында радиодан берілетін әндердің 70 пайызы француз композиторларының әндері болуға тиіс. Израильде Хайфада аюларды алып жүруге болмайды. Италияда әйелдердің көйлегін киіп жүрген еркектер тұтқындалады. Жұдырықтасу – ауыр қылмыс болып саналады. Сауд Арабиясында ер дәрігердің әйел адамды және әйел дәрігердің ер адамды қабылдауына болмайды. Тайландта көлік жүргізгенде жейде кию міндеттеледі. Мехикода Гвадалаяра қалалық парламентіндегі әйелдердің қысқа юбка киюлеріне тыйым салынған. Қоғамдық орындарда балағат сөздер айтуға болмайды. Шотландияда егер де біреу-міреу есікті қағып, киім шкафыңды пайдаланғысы келсе, ішке кіргізуің керек. Сингапурда метрода сағыз шайнауға қатаң тыйым салынған. Заңды белінен басқан адам ақшалай айыппұл төлейді. Швейцарияда апартамент тұрғындары сағат 22-ден дәретхананың суын ағызбайды. Көршілерге бөгет болады. Төбесі ашық автокөлігінде кілтін ұмыт қалдырған адам жазаға тартылады.

1036 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы